Оңтүстік Каролинада төтенше жағдай жарияланды

130

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында ормандар өртеніп жатыр.  

Оңтүстік Каролинада төтенше жағдай жарияланды Фото: report.az

Әсіресе, Оңтүстік Каролина штатында жағдай қиын. Қазір табиғат апатына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Штат бойынша 200-ден астам өрт ошағы тіркелді. 2 мың гектардан астам жер күлге айналған. Елдің орталығында ескерту жарияланды.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі Оңтүстік және солтүстік Дакота, Небраска, Канзас, Айова, Миссури, Батыс Вирджиния аймақтарында жел күшейеді деп болжайды. Бұл отты одан сайын өршітуі мүмкін. Тілсіз жауға байланысты Оңтүстік Каролина штатының губернаторы төтенше жағдай жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу