Пандемия азаматтардың экомәдениетінің төмен екенін көрсетті – Мағзұм Мырзағалиев

732

Жаңа экологиялық кодекске сәйкес заңсыз ағаш кескендер қалай жазаланады деген сұраққа экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді.

Пандемия азаматтардың экомәдениетінің төмен екенін көрсетті – Мағзұм Мырзағалиев

"Пандемия ішкі туризмге сұранысты арттырды. Сонымен қатар азаматтардың экомәдениетінің төмен екенін көрсетті. Елімізде табиғаты ерекше жер көп. Табиғи парктер, қорықтар дейсіз бе, туристер келгеннен кейін барлық жерде қоқыс жиналады. Әрине бұл табиғатқа кері әсерін тигізбей қоймайды. Кейінгі кезде елдімекендерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою және зақымдау фактілері тіркелді",– деді министр.

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағаш отаушыларға жазаны күшейтуге қатысты бірқатар шара қабылдаған.

"Қызыл кітапқа енген ағаштарды заңсыз кескен, жойған, зақымдағандарға 30 есе мөлшерде компенсациялық ағаш ектіру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы жасыл желекті екпелерді жойғаны үшін 10 есе мөлшерде ағаш ектіру көзделген. Бұдан бөлек орман заңнамасын бұзудан келген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық мөлшерлемелерге өзгеріс енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Қызыл кітаптағы әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшері 6 АЕК-тен 1000 АКЕ-ке дейін ұлғайтылды. Бұдан басқа, әкімшілік және қылмыстық кодекстерге санкцияларды қатаңдату бойынша өзгеріс енгізілді", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу