Түркиядағы Қазақстан елшілігінің ғимаратында Еуразия жазушылар одағының қолдауымен жазушының "Ақ көбелектер" әңгімелер жинағы мен "Бас" романының тұсаукесері өтті. Әдебиет порталының хабарлағанындай, кітаптарды түрік тіліне жазушы Мәлік Отарбаев пен ғалым Гүлзада Теменова аударған. Жұртшылықпен кездесудің соңында жазушыны ТүрікСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қабылдап, мерейтой иесін құттықтады, деп жазады atpress.kz.
Ел мерейін өсірген қаламгер Қазақстан елшілігінің "Қазақстан-Түркия" бауырластық медалімен және ТүрікСОЙ тағайындаған "Haldun Taner" халықаралық медалімен марапатталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу