Сағынтаев "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" форумында елбасының сөзін жеткізді

1064

 Сағынтаев "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" форумында елбасының сөзін жеткізді

Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" форумының қатысушыларына арнаған сөзін оқып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Құрметті форум қатысушылары, "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" форумына қош келдіңіздер. Әлемде жылдам әрі түбегейлі технологиялық өзгерістер дәуірі басталды. Тиімді цифрландыру шаралары ұлттық экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторына айналуда. Әлемнің озық елдері, олардың G-20 және Еуропалық Одақ секілді бірлестіктері өздерінің цифрландыру бойынша стратегиялық құжаттарын қабылдады. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ та 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін қабылдады. Бүгінгі форум аталған күн тәртібін іске асырудың маңызды қадамы. Ортақ нарықтың болуы цифрландыру мәселелерінде бірлескен тәсілдер мен шараларды әзірлеуді талап етеді. Күштерді жұмылдыру ЕуразЭҚ-тың тұтастай және әр елдің жекелей дамуы үшін синергетикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Бұл іс-шара қажетті шешімдерді әзірлеуге және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін. Форумның барлық қатысушысына жемісті еңбек және алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуді тілеймін", — делінген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың хатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу