Солтүстік Қазақстанда 170 мың шаршы метр тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы аппараттық кеңес отырысында құрылыс басқармасының жетекшісі Серік Мұхамедиев мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, құрылыс жұмыстарының физикалық көлем индексі 2016 жылы 105 пайызды құрады. Облыста енгізуге жоспарланған тұрғын үй 170 мың шаршы метрді құрады.
"10 айдың ішінде қрылыс жұмыстарының көлемі 95,7 пайызды немесе 44,9 млрд теңгені құрады, күрделі жөндеу бойынша 6,6 млрд теңгені, ағымдағы жөндеу бойынша 6,5 млрд теңгені құрады", – деді С.Мұхамедиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу