Сырдария өзені арнасынан асты

1066

Сырдария өзені арнасынан асты

Күннің күрт жылынуы салдарынан Сырдария өзені арнасынан асты, деп хабарлайды 24 Хабар.

Кеше кешкілік Жалағаш ауданында тасыған су дария бойындағы бөгетті бұзып кетті. Енді өзен етегіндегі Ақсу елдімекені қауіпті аймақта қалып отыр. Зардап шеккендер жоқ. Көп ұзамай бөгеттің жырылған тұсы қалпына келтірілді. Дегенмен Жалағаштың Далдабай ауылының тұсынан тағы да 800 метр бөгеттің бұзылып, су жайылғаны анықталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жүзге жуық төтеншеліктер жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, өзендегі су деңгейі әлі де жоғары. Шардара су қоймасынан Сырдарияға 600 текше метр су түсіп жатыр. Қазіргі таңда дария бойындағы 33 қауіпті аймақ анықталып, барлығы да бақылауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу