Америкада "Алты октавалы адам" атанып кеткен Димаш Құдайбергенов The world’s best байқауының кезекті айналымына өтті. Ол бұл жолы Қытайда шырқаған All by Myself әнін орындап, әділқазылар мен көрермендерді тағы таңғалдырып, үшінші кезеңге жолдама алды.
Сайыстың екінші кезеңінде отандасымыздың қарсыласы итальяндық әнші Кристина Скуччиа болды. Димаш оны 94-39 есебімен жеңді. Ал американдық Ру Пол Құдайбергеновке ең жоғарғы 50 ұпайды берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу