Төртінші МӨЗ құрылысына "Шеврон" компаниясы атсалысуы мүмкін

918

Төртінші МӨЗ құрылысына "Шеврон" компаниясы атсалысуы мүмкін

Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына "Шеврон" компаниясы атсалысуы мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, шетелдік компания Теңіз кен орнынан тауып жатқан табыстың бір бөлігін Қазақстан экономикасына қайта салуға тиіс. Жылдың басында тиісті келісімге де қол қойылған болатын.

"Қазіргі кезде ол компанияда біраз ақша жиналды. Оны ел экономикасына салу қажет. Біз осы мәселені әлі талқылайтын боламыз. "Шеврон" компаниясы төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына атсалысуы мүмкін. Негізі, аталған жоба бойынша нақты ақпарат тек жылдың соңында ғана болады. Себебі біз оны әлі зерделеп жатырмыз. Теxникалық-экономикалық есептеулерді жасап, алдын ала негіздемені әзірлеуіміз керек. Сол кезде нақты бірнеше мәселені анықтау қажет. Біріншіден, зауыттың қауаттылығы қандай болады? Бүгінде есеп-қисап бар. Бірақ оны теxникалық-экономикалық негіздемеге енгізу керек. Екіншіден, жаңа зауыт қай жерде орналасады? Шикізаты көп батыс облысында ма? Жоқ, әлде тұтынушы көп оңтүстік жақта ма? Үшіншіден, төртінші мұнай өңдеу зауыты ішкі нарыққа, жоқ, әлде экспортқа жұмыс істей ме? Осының бәрін анықтауымыз қажет", - деді Мағзұм Мырзағалиев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың аяғына қарай ҚазМұнайГаз мердігерлерді анықтау шараларын бітіреді. Сол кезде жобаның жалпы құны, қуаттылығы және тағы басқа ерекшеліктері белгілі болады.

Айта кетейік, бүгін Мағзұм Мырзағалиев Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлемін азайтудың себебін де түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу