"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" тұрғын үй несиелері "7-20-25" жаңа бағдарламасының параметрлері бойынша қайта қаралады. Бұл туралы ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.
"2017 жылдан бастап "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылуда, оған өңірлік даму бағдарламалары мен "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына қатысты барлық мәселелер біріктірілген. Мемлекет басшысының соңғы тапсырмаларына байланысты "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз, онда тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары қарастырылатын болады", - дейді Мархабат Жайымбетов.
Сондай-ақ ол "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" тұрғын үй несиелері "7-20-25" жаңа бағдарламасының параметрлері бойынша қайта қаралатындығын да айтты.
"Бұдан өзге, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған "5-5-25" бағдарламасын; "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" несиелік тұрғын үй сатып алуға арналған "5-20-15" бағдарламасын енгізу жоспарда бар. Түсіндіріп өтейін, банк салымшыларына банк шотында кем дегенде 20% қаражат болған жағдайда, 15 жылға дейінгі несиелік мерзімге 5%-бен несие беріледі, - дейді ол. - Сонымен қатар, бағдарлама өзгерістері аясында жергілікті атқарушы органдардың несиелік пәтерлерін тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ғана емес, сондай-ақ жеке банктердің клиенттерінің де сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда.
Бұл жағдайлар әкімдіктер салып жатқан бағалық параметрлерге байланысты ипотеканы дамытуға үлкен серпін береді. Бұл өңірлерде 140 мың теңге, Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында - 180 мың теңге (салынып жатқан тұрғын үй 3 айдың ішінде банк салымшыларына өткізіледі және сатылмаған тұрғын үйдің қалғаны - ЕДБ клиенттеріне сатылады).
Аталған бағдарламаға жеке құрылыс салушылардың белсенді қатысуы үшін олардың тұрғызған үй-жайларын жергілікті атқарушы органдар (несиелік тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражат және сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қаражаты есебінен) сатып ала алады.
"Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жолдарын немесе мемлекеттік кәсіпорындардың өздерінің қызметкерлеріне бастапқы жарнамен тұрғын үй қарыздарын беру жолдарын қарастырамыз. Сонымен қатар, жеке құрылыс салушыларға құрылыс алаңдарын дайындау үшін, біз Қаржы министрлігімен бірлесіп тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникациялар құрылысын қаржыландыруды 80 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатырмыз", - дейді комитет төрағасы primeminister.kz-ке берген сұхбатында.