Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Баспана" бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты

1095

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  "Баспана" бірыңғай тарифтік бағдарламасын  іске қосты

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ  ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) бүгіннен бастап бұрынғы қолданыстағы тарифтік бағдарламалардың барлығын бір бағдарламаға біріктіріп жатыр. Енді "Бастау", "Өркен", "Кемел" және "Болашақ" деген төрт бағдарламаның орнын - "Баспана" атты бірыңғай тарифтік бағдарлама басатын болады, деп хабарлайды ҚТҚЖБ баспасөз қызметі.

Бұл бағдарлама икемдірек және бұрынғыдай жинақтың нақты бір қатаң мерзімін қарастырмайды. Яғни, ендігі жерде  банк  салымшысы  қанша жыл ақша жинайтынын  және тұрғын үй заемын қандай пайызбен алатынын өзі шешетін болады. Несие беру мерзімін және пайыздық мөлшерлемені анықтайтын негізгі критерий  -     бағалау көрсеткіші  болып табылады. Бұл өз кезегінде қаржы тәртібінің коэффициенті. Жарналар қаншалықты тұрақты және толығырақ өндірілсе, соншалықты клиенттің бағалау көрсеткіші жоғары болады.

Алайда, салымшылар банктің ең төменгі талаптарын, яғни: жинақтың үш жылдық мерзімін және бағалау көрсеткішінің 16 мәніне дейінгі жетістігін сақтаулары қажет. Мұндай жағдайда, банк клиенті  тұрғын үй заемына  жылдық 5% мөлшерлеме бойынша үміттене   алады. Содан соң, ол 4 жыл ақша жинақтаса, бағалау көрсеткіші 20-ға дейін арта түседі, ал заем бойынша пайыздық мөлшерлеме  4,8%-ға дейін төмендейді. Осылайша, жинақ мерзімінің артуымен қатар бағалау көрсеткіші де артады және заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі сәйкесінше төмендейді. Заем бойынша ең төменгі мөлшерлеме – жылдық 3,5%.

"Түбегейлі ештеңе өзгермейді. Бұл жаңа тәртіп банк өнімдерін оңтайландыруға, оны барынша қарапайым және қолжетімді етуге бағытталған. Сондай-ақ, "Баспана" бағдарламасы постдепозиттік операцияларды да біраз қысқартады. Салымшыға қазір тек үш сұраққа жауап беру жеткілікті – оның алғысы келетін баспанасы қанша тұрады, бастапқы жарнаның көлемі және ай сайын бөле алатын ақшасының сомасы қанша? Берілген жауапқа байланысты, банк клиентіне тұрғын үй жоспарын құру және көздеген мақсатына жету оңайға соғады",- деп түсіндірді банк басқармасы төрайымының орынбасары Жанар Жубаниязова.

Сонымен қатар, 2017 ж. 1 тамызына дейін ашылған барлық депозиттерге  тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін банкпен қызмет көрсетілетінін де атап өтті.

"Баспана" жаңа тарифтік бағдарламасы -  салымды төменгі сома 500 АЕК-пен (1 134 500 тенге) ашуға, шарттық соманы арттыруға, депозиттерді біріктіруге, отбасы мүшелерінің  және жақын туыстарының арасында шегіну жасауға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпарат алғысы келетін банк клинеттері ҚТҚЖБ-ның жақын маңдағы филиалына хабарласа алады және банк кеңесшілерімен кеңесе алады. Кеңес беру орталықтарының мекенжайларын https://www.hcsbk.kz сайтынан біле  алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу