"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Өз үйім" бағдарламасымен қосымша конкурс жариялайды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Нысан: көпқабатты тұрғын үй, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында орналасқан (60 пәтер).
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 01.09.2016 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: "таза" әрлеумен 140 000 теңге.
Жайлылық класы: III.
Пәтер саны: 9, оның ішінде:
2-бөлмелі пәтер түрі: 3 пәтер – 5 қабат, ең жоғарғы аудан – 57,9м2.
3-бөлмелі пәтер түрі: 6 пәтер – 5 қабат, ең жоғарғы аудан – 72,5м2.
Жобаға қатысу үшін өтініш қабылдау мерзімі: 17.03.2017 – 15.04.2017 жж.
Балл есептеу күні: 17.04.2017 жыл.
Іріктеу мерзімі: 19.04.2017 – 25.04.2017 жж.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 19.04.2017 – 02.05.2017 жж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 03.05.2017 жыл.
Өтінішті банк филиалында немесе банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Интернет-банк" бөлімінде беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллы мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш банк салымшыларынан ғана қабылданады.