Туристер үшін ең қауіпті елдердің тізімі жарияланды

1446

Туристер үшін ең қауіпті елдердің тізімі жарияланды

Іnternational SOS және Control Risks компанияларының сарапшылары 2017 жылы туристер үшін қауіпті болатын елдердің тізімін жасады, деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Сарапшылардың пікірі бойынша саяхатшылар үшін 2017 жылы ең қауіпті Томбукту, Гао, Мали мен Судан болмақ. Сондай-ақ қауіпті елдердің қатарында Ливия, Сомали, Сирия, Йемен, Ауғанстан, Конго, Пәкістан  мен басқа елдер бар.

Туристер үшін орташа қауіпті деңгейдегі елдер тізіміне Ресей, Украина, Қазақстан, Монғолия, Үндістан, Саудия, Бразилия енген.

Қауіптілігі төмен елдердің тізімінде Франция, Испания, Италия, Польша, Беларусь, Түркия, Канада мен АҚШ тұр.

Ал Норвегия, Швеция, Финляндия, Исландия мен Дания ең қауіпсіз мемлекеттер санатына тұрақтаған.

Сарапшылар қауіптілік деңгейін бағалау үшін терроризм, көтеріліс, соғыс, әлеуметтік қақтығыс пен қылмыстың жалпы деңгейін назарға алған. Сондай-ақ әр елдегі кедейшілік, табиғи апаттар мен көлік инфрақұрылымы ескерілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу