Ұлттық қауіпсіздік комитеті салықшыларды "криптовалюта былығына қатысы бар" деп айыптады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Яғни, салық қызметі өкілдеріне ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу бабы бойынша айып тағылып отыр. Серверлер мен компьютерлерге есептеуіш ресурсты пайдаланатын арнайы бағдарламалар - майнерлер - жасырын орнатылған. Мұндай әдіс криптовалюта майнингін жүзеге асыру үшін қолданылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу