Үндістанда бір аптада 80 млрд доллардың банкноталары айналымнан шығарылды

829

Үндістанда бір аптада 80 млрд доллардың банкноталары айналымнан шығарылды

Қарашаның  10-ы мен  18-і аралығында Үндістан тұрғындары жалпы сомасы 5,45 трлн рупий (80 млрд долларға жуық) болатын номиналы 500 және 1000 ескі рупийларды айырбастады, деп хабарлайды Үндістанның резервтік банкіне сілтеме жасаған Би-би-си. Бұл сомаға банктік депозиттердегі 5,12 трлн рупий мен 33 млрд қолма-қол ақша түріндегі рупий де жатады.  Елдің премьер-министрі Нарендра Моди 8 қарашада билік жемқорлықпен күресу үшін құны 500 және 1000 рупийді айналымнан шығаратынын мәлімдеген болатын. Аталған шараның нәтижесінде, үкімет өзі ойластырғандай, заңсыз жолмен келген ақшаны бұғаттауға қол жеткізбекші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу