Үндістанның құтқару қызметтері дауылды ескертуге байланысты 15 мыңнан астам адамды қауіпсіз орынға көшірді

816

Үндістанның құтқару қызметтері дауылды ескертуге байланысты 15 мыңнан астам адамды қауіпсіз орынға көшірді

Үндістан билігі жақындап келе жатқан "Варда" құйынына байланысты елдің оңтүстік шығысындағы ойпаңда тұрып жатқан 15 мың адамды қауіпсіз орынға көшіргенін хабарлады.

Үндістандық метеорологтардың мәліметі бойынша, құйын жағаға жақын орналасқан Тамилнад және Андхра-Прадеш штаттарын соғып өтуі мүмкін. Осыған байланысты балықшыларға теңізге шықпауға кеңес берілді.
Сондай-ақ үндістандық ӘТК және әскери авиациясы төтенше жағдайға даярлыққа келтірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу