Рио олимпиадасының жүлдегері бокшы Василий Левит "Касперский зертханасының" жарнама науқанына қатысатын болды деп мәлім етті Бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстанның бокс федерациясы мен "Касперский зертханасы" Василий Левиттің таяу күндері Астана мен Алматыда басталғалы отырған "Отбасыңды қорға" ақпараттық материалдар тарату науқанына қатысатындығы жөнінде өзара келісім жасады. Левиттің бет-бейнесі фирмалық тауардың қаптасына басылатын болады.
"Мен үшін бұл шараға қатысып, өзіңді және отбасыңды қалай қорғау керегін әңгімелеу қызықты болып отыр. Қауіпсіздік қашанда басты орында деп білемін. Ал "Касперский зертханасымен" бірлесіп әр қазақстандыққа өзін, оның ішінде жеке мәліметтерін қорғаудың әдістерін көбірек тануға мүмкіндік береміз деп ойлаймын.
Василий Левит қатысқан "Касперский зертханасының" арнайы фотосессиясы аяқталды. Нәтижесінде пайда болған өзгеше өнімді қазақстандықтар көп ұзамай дүкенде, көшеде, интернеттен тамашалайтын болады.