"АЛМЭКС" пен "Қазагро" инвестициялық жобаларды бірлесе қаржыландырады

949

"АЛМЭКС" пен "Қазагро" инвестициялық жобаларды бірлесе қаржыландырады

Қаржы нарығында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын  "АЛМЭКС" холдинг тобы, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Келісім инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру және қоса қаржыландыру, сондай-ақ консультациялық қызмет көрсету үшін ірі халықаралық және шетелдік компанияларды тартуға екіжақты көмек көрсетуді көздейді. Сонымен бірге, агроөнеркәсіптік кешенде және тамақ өнеркәсібінде түрлі жобаларды іске асыруда қажет ресурстары мен тәжірибесі бар компаниялар тартылатыны атап өтілуде.

Құжатқа сәйкес, тараптар өзінің еншілес немесе тәуелді ұйымдарының қатысуымен инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыру мәселелерін қарастыруға мүдделі. Бұдан басқа, "АЛМЭКС" пен "ҚазАгро" агроөнеркәсіп саласында және тамақ индустриясындағы маркетингтік, салалық және басқа зерттеулерге қатысты ақпараттармен өзара тиімді алмасуға ниетті, деп хабарлады "Атамекен" ұлттық палатасының баспасөз қызметі.

"АЛМЭКС" холдингтік тобында атап өткендей, тараптардың ынтымақтастығының нәтижесі агроөнеркәсіптік кешен мен Қазақстанның тамақ өнеркәсібін әрі қарай дамытуды қамтамасыз ететін, экономикалық тиімділік ұстанымында жұмыс істейтін  инвестициялық жобалар болуы тиіс.

"АЛМЭКС" холдинг тобы тарихын 1996 жылдан бастау алады.  Топтың негізгі қызметі несие мен кепілдік беру, депозиттерді тарту, бағалы қағаздармен және шетел валютасымен операциялар, аударымдарды жүзеге асыру, ақша қаражатымен, төлем карталарымен операциялар және басқа банк қызметтері жатады.  "Қазақстан Халық банкі" АҚ арқылы Топ Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда және Грузияда корпоративтік және жеке клиенттерге Қазақстандағы сақтандыру қызметі бойынша және банк қызметін көрсетеді.

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдинг құрамына "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу