Үкіметтің қаулысымен "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында және өңірлердегі бизнесті дамытуға бюджет қаржысының жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін бағдарламадан ірі кәсіпкерлік субъектілері алынып тасталды.
Бағдарламадан облыс пен қалалық әкімшіліктер жанында жұмыс істейтін өңірлік үйлестіру кеңесі (ӨҮК) алынып тасталды. Енді шағын жобалардың несиесіне субсидия беруде шешімді "Даму" қоры қабылдайды.
Кепілдікті тоқтату шарттарына қойылатын талаптар да жеңілдеді. Ол бойынша енді несие 100% мақсатты түрде жұмсалмаған жағдайда ғана кепілдік беру тоқтайды.
Сондай-ақ, бір кәсіпкердің қолына тиетін несие субсидиясының сомасына да өзгеріс енді. Ол 4,5 млрд теңгеден 2,5 млрд теңгеге дейін азайды.
Сонымен қатар, бағдарлама бойынша сусбсидияланатын немесе кепілдік берілетін несиенің тұрақты бекітілген максималды мөлшерлемесінің орнына өзгермелі мөлшерлеме енгізілді.
Бюджетке төленетін салық көлемінің артуымен байланыстырылатын тиімділік критериі де алынып тасталды. Енді бірыңғай бағдарламаға қатысу шартына сәйкес, кірісті арттыру мен жаңа жұмыс орнын ашу талаптарына сай келсе болғаны.
Қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алу бағытында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар да ыңғайлы бола түсті. Бұл қызмет түрі жобаларды субсидиялауды және несиеге кепілдік беруді мақұлдау кезінде бағдарламаның шектеу қойылатын критерийлері тізімінен алынып тасталды.