"Богатырь" 39 миллион тонна көмір жөнелтті

990

"Богатырь" 39 миллион тонна көмір жөнелтті

Екібастұз қаласында орналасқан көмір өндіруші кәсіпорын "Богатырь Көмір" ЖШС 2018-2019 жж. жылу беру маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердің барлық сұранысын орындады, деп хабарлайды "Самұрық-Энерго" АҚ үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

"Богатырь" кенішінен алынған қатты отынның 80 пайызға жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканың энергия өндіруші кәсіпорындарына жіберілді. Компанияның Қазақстандағы негізгі тұтынушылары қатарында: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, Алматы және Степногорск ЖЭО,  "Қарағанды Энергоорталық" ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), "СевКазЭнерго" АҚ, "Астана-Энергия" АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), "Көкшетаужылу" МКК, "Павлодарэнерго" АҚ, "Bassel Group LLS" ЖШС (Теміртау қаласы) бар.

Тұтас алғанда, "Богатырь Көмір" ЖШС-ның кеніштерінде биылғы 10 айда өндірілген көмірдің көлемі 36,5 млн тоннаны құрады. Компания осы күнге дейін 39 млн тонна көмір жөнелтті, бұл жоспарланған көлемнің 109 пайызын құрайды. Соның ішінде жылдық жоспардағы 1 млн тоннаның орнына 1,3 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу