"Челси" Левандовскийді сатып алмақ

723

"Челси" Левандовскийді сатып алмақ

Польшалық шабуылшы Роберт Левандовскийді "Челсидің" бас бапкері Антонио Конте өз клубына шақырып жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.

Поляк осы маусымда "Бавария" сапында 30 гол соққан болатын. Бірақ ол Бундеслиганың үздік сұрмергені атағын ала алмады. Футболшы "Боруссия" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянгке жол берген болатын. Үздік бомбардир атағын жеңіп алуға көмектеспегені үшін Роберт командаластары мен бас бапкерден көңілі қалғанын айтты.

Англиялық клуб осыған байланысты Левандовскийді өз сапына ауыстырып алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу