Өтінімдерді қабылдау 16 қазаннан бастап 25 қарашаға дейін өтті. Астаналық екі өрт сөндіруші "Ерлігі үшін" номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға 5 мың өтінім келіп түсті. Әрбір қатысушы 20 номинация бойынша бес мың өтінім арасынан үздік 60-тың қатарынан табылу үшін төрт іріктеу кезеңінен өтті. "Ерлігі үшін" номинациясында 5-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Бахтияр Ілиясов, "Ерлігі үшін" номинациясында 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Мадияр Муратов жеңімпаздар қатарынан табылды.
Бахтияр Ильясов және Мадияр Мұратов өздерінің қызмет атқару барысында адамдарды құтқару кезінде өжеттілік пен батылдық таныта отырып, әртүрлі дәрежедегі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты.