"Ертіс" сапына тағы бір португалдық жартылай қорғаушы қосылды

696

"Ертіс" сапына тағы бір португалдық жартылай қорғаушы қосылды

"Ертіс" ФК Португалия елінің футболшысы Уго Андре Родригеш Секумен келісімшартқа отырды. Бұл туралы "Ертіс" ФК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"30 жастағы Уго Секу бұрындары болгариялық "Черное Море", португалдық "Академика" клубтарында өнер көрсеткен. "Ертіс" сапына Португалияның жоғарғы дивизионынан "Фейренсе" клубынан ауысуда", - дейді ол.

Айта кетейік, Уго Секу - павлодарлықтардың құрамындағы екінші португалдық. Оған дейін келген Карлос Фонсека команда көшбасшысына айналған және үш жылдан астам "Ертіс" ФК үшін ойнап келеді. Сонымен қатар, Уго Секу жазғы маусымда "Ертістің" құрамға қосқан төртінші ойыншысы.

Осы уақытқа дейін клуб сапына Пірәлі Әлиев, Аслан Рафкат және Джурахон Бабаханов қосылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу