"Kazakh Invest" басшылығы түрік инвесторларымен кездесті

794

"Kazakh Invest" басшылығы түрік инвесторларымен кездесті

"Kazakh Invest" өкілдері Түркия Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында "KOÇ Holding", "YILDIZLAR SSS Holding", "YILDIRIM Holding", "KİBAR Holding", "SABANCI Holding", "DAL Holding Investment" секілді ірі түрік компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

"Kazakh Invest" тарапынан түрік бизнесмендеріне ҚР үшін экономиканың басым салаларында 47 ірі инвест жобалар ұсынылды.

Аталған холдингтер ірі трансұлттық компаниялар болып табылады, олардың жылдық айналымы шамамен 150 млрд АҚШ долларын құрайды. Түркия бизнесмендері өздерінің өндірістік күштері мен ЕАЭО елдері мен ҚХР өткізу рыноктарын кеңейту үшін елдің стратегиялық орнын атап Қазақстан аумағында инвестжобаларды іске асыруға қызығушылықтарын білдірді.

Мысалға "KOÇ Holding" Қызылорда облысында қызанақ және консервіленген өнімдер өндіру туралы келісімге қол жеткізілді. Компания сұйылтылған мұнай газын өндіру жобасына қатысуға қызығушылығын білдірді.

"YILDIRIM Holding" "Казгеология" АҚ бірлесіп 10 млн АҚШ доллардың қатты пайдалы қазбаларды барлау жобасын іске асыруды, сондай-ақ Жамбыл облысында кальцинирленген соданы өндіруді бастайды, инвестициялар сомасы 220 млн АҚШ долларды құрайды.

"Yildizlar SSS Holding" келісім бойынша бірінші жартяжылдықта үш жобаны іске асыруды бастайды: Қызылорда облысында "Байқоңыр" АӨК бірлесіп 50 млн. АҚШ долл. 138 мегаватт күшке ие газ-піспекті электр стансасын салу, 128 млн. АҚШ долл. 10 млн. кв. метр күшке ие қыш плиталарын өндіру, сондай-ақ 10 млн. АҚШ долл. инвестициялар сомасымен Шығыс Қазақстан облысында қатты пайдалы қазбаларды барлау жобасын орындайды.

"KIBAR Holding" Маңғыстау облысында сэндвич-панельдер жасау жобасына қатысуға шешім қабылдады.

"Dal holding" Жамбыл облысында барит кені мен концентраттарын игеріп өңдеу жобасына қатысуға шешім қабылдады.

Сондай-ақ осы күндероі Анкара қаласында Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Түркия Тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер ассоциациясының (MUSIAD) мүшелерімен инвестициялық форум болды. Аталған ұйымның Түркия ішінде мен шетелде тарамдалған іскерлік желісі бар. Мүшелерінің жалпы саны 11 мыңнан асады.

Форумда "Kazakh Invest" тарапынан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, шетел инвесторларына арналған жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.

MUSIAD жетекшісі Илхан Ердал Түркия бизнесі Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс құруға мүдделігін атап кетті. Алдағы наурыз айында Қазақстанға нарықты зерттеу және іскерлік серіктестермен кездесу үшін тағам саласындағы 15 ірі компания өкілдері жіберілетіндігіне қатысты келісімге қол жеткізілді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу