"Қазатомөнеркәсіп" Швецияға уран экспорттады

691

"Қазатомөнеркәсіп" Швецияға уран экспорттады

Қазақстан Швецияға табиғи уран жеткізу жөніндегі келісімшартты бекітті. Өз АЭС-терінің қажеті үшін ядролық отын сатып алуға жарияланған тендердің нәтижесі бойынша "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ мен Vattenfall AB компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы коммерциялық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Уағдаластыққа сәйкес тараптар өздерінің барлық міндеттерін орындап шықты. Қазақстанның ұлттық атом компаниясы Швецияға уран партиясын экспорттады. Аталмыш жобаны іске асыру Қазатомөнеркәсіпке жеткізулер географиясын әртараптандыру мен шетелдік жаңа ядролық отын нарығына шығуға мүмкіндік ашты.

Vattenfall AB – 7 ядролық реакторға операторлық ететін Еуропадағы ірі энергетикалық компаниялардың бірі. Компания электр және жылу энергияларын өндіріп, Швеция, Дания, Финляндия, Германия мен Польшаға өткізеді. Vattenfall AB компаниясының жалғыз меншік иесі – Швед мемлекеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу