"Қазинвестбанк" АҚ салымшыларына өтемақы беру аяқталады

656

2018 жылдың 24 қаңтарында "Қазинвестбанк" АҚ қызметі экономикалық соттың шешімімен мәжбүрлеп тоқтатылған еді.

"Қазинвестбанк" АҚ салымшыларына өтемақы беру аяқталады

 

"Қазинвестбанк" АҚ-ның салымшыларына өтемақы беру аяқталады, деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.

2018 жылдың 24 қаңтарында "Қазинвестбанк" АҚ қызметі экономикалық соттың шешімімен мәжбүрлеп тоқтатылған еді. Ал аталған банктің салымшыларына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өтемақы төледі. Өтемақы агент банк болып белгіленген "Банк ЦентрКредит" АҚ филиалдық желісі арқылы берілді. Қор жақында кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды.

Салымшылар 13 тамызға дейін агент банкке төлеу туралы өтініш бере алады.

Айта кетсек, "Қазинвестбанк" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шыққаннан кейін оның портфель міндеттемелері, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, "БЖЗҚ" АҚ активтері "Альфа-банк" ЕБ АҚ-ға берілген болатын. Осы рәсімнен кейін "Банк ЦентрКредит" АҚ шоттарында оң қалдықтар қалыптасқан клиенттерге төлемақы беру үшін агент банк болып бекітілді.

Төлем басталған кезден "Қазинвестбанк" АҚ-ның 70 салымшысына кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің жалпы сомасы 2,07 миллион теңгені құрады. Олардың ішінде 8 салымшыға кепілдік берілген өтемнің жалпы сомасы 1,81 миллион теңге немесе төлеуге жататын жалпы соманың 87,6%-ы өтелді. Талап етілмеген соманың көлемі - 256 мың теңге.

ҚДКБҚ - банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы қаражатына (соның ішінде – барлық салымдар түріне, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу