"Қорғас" ХШЫО сауда кешенін салу жөнінде инвестициялық келісім жасалды

1171

"Қорғас" ХШЫО сауда кешенін салу жөнінде инвестициялық келісім жасалды

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация Челябі облысының басшылығымен кездесті,  деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында "KTZ Express" АҚ мен "Оңтүстікорал басқарушы компаниясы" арасындағы қол қойылған келісім бойынша Еуразиялық экономикалық кеңістік аумағында транзиттік, экспорттық тасымалды және мультимодальдық логистикалық тізбекті жалғастыруды бірлесіп атқаруға уағдаласты.

Маңызды құжат бойынша бірлескен халықаралық контейнерлік пойыз жасақтау мен Оңтүстікорал теміржолының Формачев счтанциясынан дара және кері бағдарға пойыз ұйымдастыру, арнайы контейнерлік пойыз жасақтау, "KTZE-Khorgos Gateway" Құрғақ портын пайдалану, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА (Алтынкөл станциясы) әлеуетін Ресейден ҚХР және кері қарайғы бағдарларға жүктерді шоғырландыру мен таратуға пайдалануды қарастырады.
Сонымен қатар "Қорғас" Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы" АҚ мен "Оңтүстікорал басқарушы компаниясы" АҚ арасында ресейліктер тарапынан "Қорғас" ХШЫО сауда кешені құрылысын салу жөніндегі инвестициялық келісім жасалды.
Сауда кешені салудағы мақсат – Челябі облысы, Орал Федеральдық округі кәсіпорындары шығарған өнімдерді өткізу. Сөйтіп, "Қорғас" ХШЫО аумағында Оңтүстік Орал сауда өкілдігін ашу өз кезегінде челябілік тауарларды Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына экспортқа шығару көзделеді.
"Біз Жібек жолын практикалық түрде жүзеге асырудың бірлексен шешімдерін ұсынудамыз "Қорғас" арнайы экономикалық аймағында Челябі облысының бизнес өкілдері өздерінің өнімдерін сатуды жүзеге асырып, қытайлық тауарларды сатып ала алады. Екіншіден, үлкен логистикалық қызмет ғаламдық логистикалық кеңістікке құрғақ жер арқылы тізбектелу арқылы "Оңтүстікорал" КЛК біз үшін маңызды база болып саналады. Біз Қазақстан аумағы арқылы логистикалық қызметті дамытуды – Челябі аумағындағы шекаралас өңірлерде ресейлік тауарларды шоғырландыру және тарату, Қытай және Қазақстан бағдарына экспортқа шығаруды ұсынып отырмыз" - деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу