"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

1041

Қаза болған азамат осы мекемеде 12 жылдан бері жұмыс істейтін тәжірибелі маман болатын. 

 "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

Ақтаудағы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорнында газ құрылғысынан өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нөмірі екінші жылу электр орталығындағы газ құрылғысын жөндеу барысында газдың қысымымен от шығып, 35 жастағы жұмысшы сол жерде  күйіп қалған. Сол күйіктің салдарынан ол ауруханада 5 күннен кейін көз жұмды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Қаза болған азамат осы мекемеде 12 жылдан бері жұмыс істейтін тәжірибелі маман болатын. 

"Науқас 12 желтоқсанда облыстық ауруханаға жатқызылды. Оның денесінің 50 пайызын күйік шалған. Есеңгіреп қалған болатын. Оған алдын-ала термиялық күйік диагнозы қойылды. Жансақтау бөлімінде қажетті медициналық көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтау мүмкін болмады", – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Ал, мекеме өкілі кімнің кінәлі екені анықталып жатыр дейді.

"Оқиға, бір сөзбен айтқанда, техникалық қауіпсіздіктің сақталмауынан орын алған. Бұл қателік кімнен кетті? Жұмысшының тарапынан ба, әлде, соған жауапты азаматтардың тарапынан ба - оны инспекция құрған комиссия анықтайды. Біз ол туралы ештеңе айта алмаймыз", – дейді "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС бас директорының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі  Қолғанат Нұржаубайұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу