"Макулатураны-контейнерге таста" атты акция өтіп жатыр

890

"Макулатураны-контейнерге таста" атты акция өтіп жатыр

Көп қоқыспен бірге умаждалып қалдықтар полигонына лақтырылып жатқан қағаз атаулыны қайта өңдеуге жіберіп, "өмірін ұзартуға" мүмкіндік туды. Қазан айынан бастап облыс орталығында "Макулатураны-контейнерге таста" атты акция өтіп жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Акцияның басталғанына бірнеше күн ғана өтсе де қалалықтардан үлкен қолдау тауып отыр. Макулатура өткізіп жатқандардың саны, қабылданып отырған қағаз көлемі барған сайын көбейіп барады, - дейді "ЭкоВостокЛидер" фирмасының басшысы Динара Әкімжанова. -Ірі кәсіпорындардан қағаз қалдықтарын өзіміз барып жинап алып кетеміз, аз көлемдегі макулатураны тұрғындар Потанин,27 көшесіндегі "Жастар" дүкенінде ашылған макулатура қабылдау орынына алып келуге болады".

Акцияны ұйымдастырып отырғандар "Экологиялық қауіпсіздік орталығы" мен "ЭкоВостокЛидер" компаниясы. "ЭкоВостокЛидер" макулатураны көп өткізіп отырған фирма, кәсіпорындардың ауласына алдағы уақытта "Эко контейнер" қоймақшы. Қалдықтарды алып кету қызметі тегін.

Қаладағы "Өскемен ЖЭО", "Өскемен арматура зауыты", экология департаменті сияқты мекемелер макулатура өткізуде белсенділік көрсетуде. Қазақ-Түрік лицейі алғашқылардың бірі болып 383 келі қағаз қалдықтарын өткізген. Макулатура өткізем деушілер "Экологиялық қауіпсіздік орталығына", "ЭкоВостокЛидер" компаниясына 76-84-04; 8-777-345-30-62 телефондары арқылы хабарласуына болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу