"Сарыарқа" газ құбырын салуға БЖЗҚ-дан қарыз алынады

950

"Сарыарқа" газ құбырын салуға БЖЗҚ-дан қарыз алынады

"Сарыарқа" газ құбырын салу үшін БЖЗҚ-дан қаражат бөлінбек. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша құрылыстың бірінші кезеңіне қажет қаражат зейнетақы қоры мен Еуразиялық даму банкінен алынады. Жобалық компания ретінде "ҚазТрансГаз" бен "Астана газ КМГ" компаниялары таңдалған.

Газ құбырының бірінші кезеңі 2019 жылдың соңына дейін аяқталады. Оған 267 млрд теңге қарастырылған.

"Тағы 102 млрд қарыз Қазақстанның даму банкінен алынбақ. Ал Еуразиялық даму банкі инфроқұрылымдық жобаны қаржыландырады. Қалған 85 млрд теңге БЖЗҚ немесе халықаралық қаржы ұйымдарынан алынады", - дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу