"Ырыс" бір жылда 2293 адамға несие берді

1023

"Ырыс" бір жылда 2293 адамға несие берді

Өткен жылы оңтүстікқазақстандық "Ырыс" микроқаржы ұйымы жалпы сомасы 6 599,7 млн теңгені құрайтын 2 293 жобаны қаржыландырған. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. "Ырыстан" қолдау тапқан жобалардың арқасында 13 943 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Жалпы алғанда, "Ырыс" микроқаржы ұйымы осы уақытқа дейін жалпы сомасы  29,6 млрд теңгені құрайтын 16 139 жобаға қолдау көрсетіпті.

Оның ішінде 1278 жоба – мал шаруашылығына тиесілі болса, көктемгі егін егу-жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін – 891 жобаға қолдау көрсетілді. Жылыжайды кеңейту және құрылысын салу да "Ырыс" микроқаржы ұйымының жоспарлы  қаржыландырылуына еніп, бұл саладағы 57 жобаға 234,1 млн теңге несие берілді.  Құс шаруашылығы бойынша  жалпы сомасы 70,2 млн. теңгеге 10 жоба қолдау тапты. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға 8 жобаға 57,8 млн теңге несие бөлінді.

Нан-тоқаш өнімдерін шығару үшін 2 жоба мақұлданып, 16 млн теңге қаражат бөлінді. Өндірістік қызмет үшін 5 жобаға 29 млн теңге қаржы берілді. Сауда және қызмет көрсету саласы үшін "Ырыс" МҚҰ" 33 жобаға 235,1 млн теңге қаржы бөлді. Балабақша  ашу  үшін  6 жоба  мақұлданып, жоба иесіне 57 млн теңге несие берілді. Сонымен бірге бал шаруашылығы саласы бойынша 2 жоба қолдау тауып, 4,5 млн теңгеге несие берілді. Биыл мал сою бекеті сұранысқа ие болып, 4 млн теңгелік 1 жобаға қаржы бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу