АҚШ Сомалидегі лаңкестерге әуеден соққы берді

1185

 АҚШ Сомалидегі лаңкестерге әуеден соққы берді

АҚШ әскери әуе күштері Сомалидегі "Аш Шабаб" лаңкестік ұйымына қарсы екі әуе соққысын жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Әзірге  қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, бұған дейін АҚШ соққысынан лаңкестік топтың жоғары қолбасшыларының бірі қаза тапқаны хабарланған. Құрама штаттардың әуе күштері айдың басында да "Аш Шабаб" содырлары "Могадишоның губернаторы" деп жариялаған адамды жою үшін әуеден соққы жұмсаған еді.

Жалпы Сомалидегі содырларға қарсы қарқынды шабуылдар жасауға АҚШ президенті Дональд Трамп бұйрық берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу