АҚШ-та жүрдек пойыз апатқа ұшырады

1358

 АҚШ-та жүрдек пойыз апатқа ұшырады

АҚШ жүрдек пойыз апат қаза тапқандар АҚШ-тың Вашингтон штатында жүрдек пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетіп, көпірден автожолға құлаған. Салдарынан 70-тен астам адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. деп хабарлайды 24.kz.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, кемінде 6 адам қаза тапқан. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Оқиға Олимпия және Лейквуд қалалары арасында болған. Amtrak теміржол бірлестігіне тиесілі пойыздың неліктен апатқа ұшырағаны әлі анықталған жоқ. Осы жағдайға байланысты қазір тергеу жүріп жатыр. Пойызда 80-ге жуық жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу