Бұрынғы олимпиада ойындарына қарағанда алтын медальды аз алғанына қарамастан, еліміздің құрама командасы кейбір спорт түрлерінен көрсеткіштерді жақсартып қана қоймай, сондай-ақ жас спортшыларға тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Ал бұл келесі ойындарға үлкен мүмкіндік болмақ.
Жетістіктер
2018 жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Джакарта және Палембанг қалаларында өткен Жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша біздің спортшылар 24 олимпиадалық және 3 олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медальға қол жеткізді.
Семсерлесу, велошоссе, көркем гимнастика, байдарка және каноэда есу, дзюдо, жеңіл атлетика, каратэ, су добы сияқты спорттың сегіз түрінен 11 алтын медаль еншіледік.
Қазақстан құрама командасы 76 медаль алып, медальдардың жалпы саны бойынша 5-орынға ие болды.
Жазғы Азия ойындарына қатысқан спортшылардың саны бойынша Қазақстанның спорт делегациясы (өңірлерден қатысатын спортшылар есебінен 475 адам) 46 қатысушы елдің ішінде 9-орында тұрды.
Ең көп медаль төмендегі спорт түрлері бойынша қол жеткізілді.
– байдарка мен каноэда есу бойынша – бес медаль, оның екеуі – алтын, төртеуі – күміс және біреуі қола;
– тасжолдағы велоспорт пен көркем гимнастикада – екі алтын медальдан;
–жеңіл атлетикада – жеті медаль,оның ішінде біреуі алтын, біреуі күміс және бесеуі қола медаль;
– дзюдо бойынша – бес медаль: бір алтын, бір күміс және үш қола;
– каратэ бойынша – бір алтын, бір күміс және бір қола медаль;
– су добында – бір алтын, бір күміс ;
– семсерлесуде – бір алтын, екі қола медаль.
Алғаш рет слалом есу мен батутта секіруден қола медальға қол жетті, семсерлесуден (шпага) жекелей сында Азия ойындарының чемпионы Д. Алексанин еліміздің қоржынына алтын салды. Сонымен қатар дзюдоның жаңа аралас командалық түрінен күміс алғанымызды атап кеткен жөн.
Дзюдодан 81 келіге дейін Азия чемпионы атағына бақ сынауда 21 жасар қазақстандық Д.Хамза жеңіске жетті.
Бұған дейінгі Азия ойындарымен салыстырғанда, көркем гимнастика, велоспорт, семсерлесу, су добы, таеквондо, триатлон, велотрек, маунтинбайк, слалом есу, батутта секіру сияқты 10 спорт түрінен спорттық көрсеткіш жақсарған.
Жалпы Олимпиаданың қорытындысы бойынша 30 спортшымыз Азия ойындарының чемпионы болып, 46 күміс және 66 қола жүлдегер атанды және спорттық командалық түрін есепке алғанда жалпы саны (142 спортшы) бойынша әрбір үшінші қазақстандық спортшы Азия ойындарының медалін иемденді.
Қатемен жұмыс
Азияда-2018 қорытындысы бойынша жеңіл атлетика, ерлер боксы, теннис, грек-рим күресі, жағажай волейболы бойынша алтын медальды жеңіп алу нәтижесі төмендеген.
Әсіресе, жүзуден олимпиада чемпионы Д.Баландиннің жарақат алуынан қазақстандық құрама жүлдеден қағылды.
Сонымен қатар волейбол командасы да өз деңгейінде өнер көрсете алмады.
Қазақстан құрама командасының Азияда-2018 жарысында табысты өнер көрсетуіне өңірлер бойынша үздік бестік – Алматы, ОҚО, Астана,СҚО, БҚО үлкен үлес қосты.
Қазақстан құрамы командасы көшбасшыларының жарақат алуы, сонымен қатар Азияда-2018 бағдардамасынан олимпиадалық спорт түрлері, оның ішінде командалық оқ ату және стендтік ату, бокста үш салмақ категориясы, каратэде бір категорияның алынып тасталуы еліміздің құрама командасының алтын медальдар санына әсер етті.
Бұл ретте команда құрамында жастардың көбеюі мен олимпиадалық спорт түрлерінің бәсекегеқабілеті жақсарғанын атап кеткен жөн.
Ади Туркаев