2018 жылы БЖЗҚ-ның кірістілігі инфляциядан екі есе асып түсті

4697

Қордың таза инвестициялық кірісі алғаш рет түсімдер көлемін басып озды, алайда табыстың 40%-ы валюталық инвестицияларды қайта бағалауға тиесілі.

2018 жылы БЖЗҚ-ның кірістілігі инфляциядан екі есе асып түсті

2018 жылдың қорытындысы бойынша "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" (БЖЗҚ) АҚ-ның салымшылардың шотына бөлінген таза инвестициялық кірісі еліміздің тарихында алғаш рет міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) желісі бойынша түсетін түсімдер көлемінен артық болды. Бұған БЖЗҚ мен Ұлттық банктің статистикасы дәлел.

Былтырғы жылы зейнетақы активтері көлемі 20,6%-ға немесе 1,6 трлн теңгеге, яғни  9,38 трлн теңгеге дейін өскенде, салымшылар арасында бөлінген қордың таза инвестициялық кірісінің үлесі 977 млрд теңгеден асып шығылды. Былтырғы жылдың 11 айында (әзірге бұдан басқа жаңа мәлімет жоқ) МЗЖ бойынша БЖЗҚ-ға 723 млрд теңгеден артық қаражат түскен. Егер былтырғы жылғы түскен түсімдерге сенер болсақ, қорға келіп түскен орташа айлық жарна 65 млрд теңгеге жуық болған.

Өткен жылдың тағы бір есте қаларлық ерекшелігі сол оңтүстік өңірлерде, әсіресе, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жаңа зейнетақы шоттарының  (ЖЗШ) саны өскен. Яғни, елдегі ЖЗШ-ның саны 200 мыңнан сәл асқан болса, оның төртен бір бөлігі бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі болды. Одан кейінгі орында Алматы (34,14 мың жаңа шот), Жамбыл (17,11), Қызылорда (15,65 мың) және Шығыс Қазақстан облысы (15,35 мың) тұр.

Сонымен қатар БЖЗҚ-ы салымшыларының 977 млрд теңге жылдық инвестициялық табысының 40%-ы қордың валюталық инвестицияларын қайта бағалаумен байланысты екенін атап кету керек. 2018 жылы валюталық құралдар көлемі 1,5 есе, 3 трлн теңгеге дейін өскен. Активтердегі үлесі 5,2 пайыздық көрсеткішке, яғни 32,4%-ға өскенін қордың есебінен көруге болады.

БЖЗҚ активтеріндегі теңгелік құралдар үлесі 5 п. к., 67,3%-ға дейін төмендеген, абсолютті мәнде ұлттық валютада белгіленген инвестициялар қоржыны 12,2%-ға, 6,3трлн теңгеге дейін өсті. Ал рубльдік инвестициялар көлемі 18%-ға, 30 млрд теңгеге дейін қысқарған.

Қордың активтер құрылымындағы еліміздің мемлекеттік құнды қағаздар қоржыны былтырғы жылы 13,1%-ға өсіп, белгіленген деңгейден 4,05 трлн теңгеге асып түсті, сондай-ақ квазисектордың облигациялар қоржыны да жыл қорытындысы бойынша 64,2%-ға, 1,29 трлн теңгеге дейін айтарлықтай өсіп, БЖЗҚ-ы активтерінің 14%-ын құрады. Шетелдік квазисектор облигациялары 3,3 есе өсіп, 233 млрд теңгеге (қор активтерінің 2,5%-ы) жуықтады.

Банк секторына салынған инвестициялар шамалы өсті, алайда салымдар құрылымында ел ішіндегі депозиттер көлемінің шетелдік банктердегі салымдар пайдасына қарағанда төмен екенін көруге болады. Шетелдік банктердегі салымдар көлемі 23,7%-ға, 343,2 млрд теңгеге дейін өскен, ал жергілікті банктердегі салымдар 14,8%-ға, 277,7 млрд теңгеге дейін төмендеген.  

2018 жылы кірістілік 11,27%-ды құрап, жылдық инфляциядан (5,3%) екі есе асып түсті. Табыстың негізгі көлемін құнды қағаздар бойынша төленген 554,9 млрд теңге сыйақы құрады. Ал құнды қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан кірген кіріс небәрі 17,1 млрд теңге болды. Жас санатына қатысты МЗЖ бойынша зейнетақы жинағының орташа мөлшері ( 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет): 21-30 жас аралығында – 421 мың теңге, 31-40 жас аралығында – 1,08 млн теңге, 41-50 жас аралығында – 1,24 млн теңге, 51-60 жас аралығында – 1,18 млн теңге.

Былтырғы жылдың қаңтар-қарашасында елдегі ЖЗШ-дағы салымдардың орташа көлемі 14,6%-ға, 908 мың теңгеге дейін өсті. Өңірлер бойынша орташа жинақтардың ең көп мөлшері Маңғыстау (1,78 млн теңге), Атырау (1,52 млн)  облыстарында, сондай-ақ Астана (1,2 млн) және Алматы (1,02 млн) қалаларында. Ал ең аз мөлшері Түркістан (77,8 мың теңге), Жамбыл (620,4 млн) облыстарында және Шымкент (651 мың теңге) қаласында.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу