5G технологиясының мүмкіндігі мол

24860

Бесінші буын желісінің негізгі ұғымдарына үңілейік.  

5G технологиясының мүмкіндігі мол

Коммерциялық 5G желісі 2019 жылы әлемнің бірқатар еліне тарай бастады. 5G желісінің жылдамдығы мен мүмкіндігінің арқасында бірнеше секунд ішінде фильдер мен 8K форматындағы бейнематериалдарды жүктеп алуға, өте анық көрінетін бейнеқоңырау шалуға, графикасы тамаша мобильді ойындарды еш кідіріссіз ойнауға болады.

Samsung компаниясының мамандары желінің бесінші буынының берер мүмкіндігін түсіндірді.

Желінің іргетасы автономды емес 5G-мен қаланды

Автономды емес 5G – қолданыстағы 4G LTE инфрақұрылымына негізделген 5G енгізу әдісі. Автономды емес 5G бір уақытта әртүрлі радио жиілік диапазондарын қолданады. Атап айтқанда, өткізу қабілеті жоғары екі түрлі жиілікті пайдаланып, құрылғыға кино немесе телешоу тәрізді үлкен көлемдегі деректерді 4G LTE желісіне қарағанда әлдеқайда жылдам жүктеуге мүмкіндік береді.

"Телекоммуникацияда қолданылатын 6 ГГц-ке дейінгі орташа жиілік диапазоны" деп аталатын бірінші диапазон қазіргі 4G LTE желісін қамтиды. Ал екінші жоғары жиілікті диапазон "миллиметрлік"  деп аталады. Осы екінші диапазон ең жоғары жылдамдық беріп, sub-6 ГГц жиіліктері ғимараттардың қабырғалары тәрізді қатты заттардан өте алады. Сондықтан мобильді операторлар байланыспен қамту ауқымы мен жылдамдығының сапасын қамтамасыз ету үшін жиілік диапазондарын теңестіруге тырысады.

Байланыспен қамту аумағын ұлғайту үшін жиіліктерді динамикалық тарату

Жиіліктердің динамикалық тарауы – жиіліктерді әр түрлі буын желілерінің пайдаланушылары арасында тепе-тең тарата отырып, 4G LTE мен 5G желілерін бірдей жиілік жолақтарына орналастыруға мүмкіндік беретін технология.

Әдетте 2G-ден 3G-ге немесе 4G-ге көшу кезінде байланыс операторлары пайдаланушылардың жаңа желіде жұмыс істейтін құрылғылары санының жеткілікті мөлшерге жеткенінше күтуіне тура келетін. Қазіргі кезге дейін 4G LTE пайдаланушылары санының басым екеніне қарамастан, айталық 40 МГц-ті 4G LTE мен 5G арасына теңдей бөлуге тура келуде.

Жиіліктерің динамикалық таралуы бұл мәселені операторлардың 4G LTE мен 5G құрылғылары арасындағы жиіліктерді алмастыруға мүмкіндік беретін алгоритмдері және тұтынушылардың 4G LTE-ден 5-ші буын желісіне ауысуына қарай үнемі оңтайландырып отыру арқылы шешеді. Осылайша, жиіліктерің динамикалық таралуы 5G-ге ауысуды жеңілдетеді.

Автономды 5G енгізу

Автономды 5G – бұлттық желіні қолдануға негізделген әдіс. Автономды емес аналогінен айырмашылығы, автономды 5G қолданыстағы 4G LTE инфрақұрылымын пайдаланбайды. Керісінше аса жоғары жылдамдықты демеу үшін жаңа инфрақұрылым жасауды талап етеді.

Бұл архитектурада 5G желісінің жаңа өзегі мен 5-ші буынның базалық станциясы бар. Ол бір уақытта миллиметрлік толқындар мен төменгі және орта жиіліктерді қолдану арқылы желі жиегіндегі мәліметтердің өткізгіштігін арттырады. Бұндай технология компанияларға желі арқылы 4K-да тікелей эфир өткізуге және ұшқышсыз басқарылатын көлік құралдарының жұмысына қолдау көрсетуге жаңа мүмкіндік береді.

Автономды 5G-де бір шаршы шақырым аумақта миллионнан астам құрылғы арқылы мәліметтерді жіберіп, алуға болады. Ал 4G-де бір шаршы шақырымда 100 000 құрылғыға дейін үздіксіз жұмыс істейді. Дегенмен нақты өнімділік аймаққа және желінің жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

Айта кетерлігі, 5G желісінің дамуына қарай, мобильді құрылғы өндіруші компаниялар өнімдеріне 5G модулін орнатуды ұлғайтпақ.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу