Екі апта бұрын жауған қалың қардан кейінгі Алматы жолдарында болған көлік кептелісін келешекте болдырмау мәселесін көтеруге себеп болды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін жолайрығы құрылысын жандандыру керек. Жобада 4 көшені біріктіретін, жалпы ұзындығы 66 шақырым трасса салу ұсынылады.
"Шағын көлік айналымында 22 жолайрығы орналасады. Бағдаршамдар және жаяу өтпе жолдар жойылса, шағын айналма жолдардағы қозғалыс жылдамдайды" , – дейді Мақсұт Исахов.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2016 жылы қала бюджетінен шамамен 38 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта оның 25 млрд теңгеден астамы игерілген. Биыл көлік реформасы аясында қоғамдық көліктерге жеке арнайы жолақ, 150 мың шаршы метр жаяу жол салынып, жөнделді.
"Бұл жұмысты келесі жылы жалғастырмақшымыз. Реформаның негізгі мақсаты – қаланы көлік жүргізушілеріне емес, жаяу жүргіншілер мен жолаушыларға қолайлы ету. Көлік жолын кеңейтіп жатқанымыз жоқ, себебі, көлік жолын қаншалықты кеңейтсең, соншалықты көлік көбейеді", – дейді Мақсұт Исахов.
Ол біздің елде де көлік жүргізушілері үшін жағдайды қиындатып, қоғамдық көлік жағдайын жеңілдетуге барлық мүмкіндікті жасау қажет дейді.
Соның ішінде 2016 жылы ақылы тұрақтарға жаңа орын бөлінген. "Осы жылы Алматыдағы ақылы тұрақ тар саны 3 мың болды, келесі жылы оны 20 мыңға жеткіземіз деп отырмыз", – дейді ол.
"Оңай" бақылауға жағдай жасады ма?
Мақсұт Исаховтың айтуынша, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту жұмысы осы жылдың басында енгізілген "Оңай" электронды төлеу жүйесімен тығыз байланысты. Бұл жүйеге көшу – 2012-2016 жылдары жолаушылар мен жүкті тасымалдауды дамыту бағдарламасында қарастырылып, көлеңкелі нарықтан ақша айналымын шығаруға бағытталған еді. Алайда, бұл жаңалықты барлығы бірдей қабылдамады, әсіресе, түсетін табыстары екі есе қысқарған жүргізушілер наразылық білдірді.
Олардың кейбіреуі бұл жүйенің енгізілуіне наразылық білдіріп, тіпті, ереуілге шығып, ақыр соңында жұмыстан шығарылды. Сонымен бірге, жолаушылар да бірнеше рет өз наразылықтарын білдірді. Кейбіреуі картадан екі төлем сомасының ұсталғанына, жалпы жол ақысын төлеудің қолайсыздығына шағымданды.
Алайда, бұл жүйе жолаушыларды есептеуге және жеңілдігі бар адамдарды дұрыс анықтауға мүмкіндік берген.
"Тасымалдаушыларға жеңілдетілген жол ақысының қалған жарты сомасын қайтарамыз. Егер бұрын біздің тасымалдаушылармыздың бұған қатысты мәліметтері әртүрлі болып жатса, қазір жиналған мәліметтер негізінде нақты соманы төлейміз", – дейді Мақсұт Исахов.
Сонымен бірге, жолаушылардың саны жайлы жиналған мәлімет мемлекетке шығынды тасымалдаушыларды субсидиялауға мүмкіндік береді. Тасымалдаушылар шығынына өтемақы төлеу жүйесі оларды қолдау мақсатында осы жылы алғаш рет енгізілді. Өтемақы төлеуге бюджеттен шамамен 2,5 млн теңге бөлінді, оның шамамен 1,5 млн теңгесі осы жылдың 11 айында төленді.
"Заңға сәйкес, тасымалдаушының әрбір жолаушы үшін шығынын субсидиялаймыз. Ал әрбір жолаушыны есептеу үшін электронды төлеу жүйесі керек", – деп нақтылады басқарма басшысы.
Оның айтуынша, осы жылы "Оңай" жүйесін енгізгеннен кейін қала бюджетіне түскен түсімдер шамамен 15 млрд теңге болған, алайда, ол жылдық кіріс 22 млрд теңге болатынына сенімді.
Марат Исахов жолақысын қолма-қол ақшамен төлегеннен гөрі сараланған тарифті енгізу қажет екендігіне және қолма-қол төлеу тәсілі картамен төлем жасауға қарағанда қымбатырақ болатынына сенімді. Бұл туралы ұсыныс парламент қарауына жіберіліп те қойған.
"Өкінішке қарай, әзірге мұны енгізе алмаймыз. Себебі, бізде сараланған тариф туралы түсінік жоқ", – дейді ол.
Жекеменшік компаниялар қолдау көрсетті
Бүгінгі күні қаладағы қоғамдық көліктерге 17 кәсіпорын жауап береді. Олардың қарамағында 106 бағдар бар, оның 8-і троллейбус бағдары.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар қалалық үш автобус паркін "Green Bus Company" жеке компаниясына бес жылға сатып алу құқынсыз басқаруға берудің арқасында маңызды нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты. Компания бұл жобаға өзінің шамамен 6 млрд теңгесін салды. Оның млрд теңгесіне 137 автобус сатып алынды, ал 1 млрд теңгесіне кәсіпорынның коммуналдық қарызы төленді. Сонымен бірге, автобустардың қосалқы бөлшектерін сатып алуға және автобус паркі ғимаратын жөндеуге 890 млн теңге бөлінді.
Девальвация кедергі болды
Сонымен қатар, басқармадағылар бастапқыда 2014 жылы іске қосылады деп жоспарланған "Жеңіл рельсті трамвай" (ЖРТ) жобасын әзірлеуді жалғастырып жатыр. Бұл жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) сарапшылары әзірлеп, 4 бағдар бойынша – Б.Момышұлы көшесінен бастап Төле би көшесінен төменгі бұрылыспен А.Байтұрсынов көшесімен одан әрі М.Мақатаев көшесімен Жетісу көшесіне дейін ЖРТ жолдарына қайта жабдықтау қарастырылған. Осы үшін ЕҚДБ-дан несие алу көзделген. Алайда, Мақсұт Исаховтың айтуынша, жоба өткен жылы болған құнсызданудың салдарынан ұзаққа созылып отыр.
"Девальвация салдарынан бұл жобаны іске асыру қала бюджеті үшін қымбатқа түседі, сондықтан, оны басқа инвесторлармен бірге іске асыру нұсқасын дайындауға тапсырма берілді", – деп нақтылады ол.
"Қала әкімі бұл жобаны іске асыру үшін алынатын несие тек теңгемен алынуы керек деген міндеттеме қойды. Сондай-ақ, ЖРТ жобасы бюджет ақшасымен іске асуы мүмкін", – дейді ол.
Оң өзгерістер
Сонымен бірге, басқармадағылар жылдам жүретін автобус – BRT жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
"Биыл бастапқы сегіз шақырымның құрылысын іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл – қоғамдық көлік үшін бөлінген жол, алайда, ол үшін жеке бағдаршамдар орнатылады. Бұл автобустар басқа қоғамдық көліктерден бөлінеді. BRT – осы желі ішінде автобустар үнемі кедергісіз жүреді", – дейді Мақсұт Исахов.
Оның айтуынша, бұл жобаны іске асыру құны 33 млрд теңге, оның 6 млрд теңгесі алғашқы 8 шақырым жолды салуға жіберіледі.
Төрт метро стансасын пайдалануға бергеннен кейін қаланың метромен байланысты бағдарлы желісі толығымен қайта қаралады да, көлік кептелісін жоюға мүмкіндік береді.