Азаматтарды "Самұрық-Қазынадағы" жемқорлық туралы жасырын ақпарат беруге шақырды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2582

Хабарлау желісі тәулік бойы және аптасына жеті күн жұмыс істейді.

Азаматтарды "Самұрық-Қазынадағы" жемқорлық туралы жасырын ақпарат беруге шақырды

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның хабарлау желісі "24/7" тәртібінде тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік холдингтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, азаматтар өз хабарламаларын sk.hotline@deloitte.kz электрондық поштасына жіберіп, 8 800 080 19 94 телефон нөміріне хабарласып немесе sk.deloitte-hotline.com сайтына шағым қалдыра алады.  Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейінгі телефон қоңырауларын желінің кезекші операторлары қабылдайды. Қалған уақытта (түнде және демалыс/мереке күндері) түскен шағымдар автоматты түрде телефонға жазылады.

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның көпарналы желісі ұлттық әл-ауқат қоры мен оның үлестес компанияларының жұмысын барынша ашық етіп, үздік халықаралық стандарттар кешенін енгізу және халық, контрагенттер және қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың сапасын жақсарту мақсатында құрылды. Бұл желі арқылы азаматтар сыбайлас жемқорлық деректері, кәсіби әдептің бұзылғаны және қор мен оның еншілес компанияларының жұмысына қатысты деректерді хабарлай алады. Түскен хабарламалардың барлығы одан әрі жедел тексеріліп, өңдеу үшін қордың комплаенс-кешеніне тапсырылады.

"Азаматтар хабарламаны жасырын түрде бере алады – қоңыраудың барлығы байланыс пен сервердің тәуелсіз сыртқы арналарына түседі. Сонымен қоса өтініш, шағым авторлары тексеру нәтижелерін білуде кері байланыс орнату үшін өзі туралы мәлімет қалдыра алады. Жүгінген адамдардың құқықтар мен мүдделері қорғалатынына қор кепілдік береді", – деп мәлімдеді "Самұрық-Қазынадағылар".

Хабар беру желісінің іске қосылуы жаңа ұйымдастырушылық құрылымға көшу аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес жасалған қордың комплаенс-бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Әйгерім Сүлейменова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу