Тек қыркүйек айының өткен кезеңінде шыққан үкімдерге тоқталсақ:
1. 14.09.2021 жылы Шу аудандық сотының үкімімен "Шу ауданының Ветеринарлық станциясы" ШЖҚ КМК директоры Д. Тілемісов (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, осы мекеменің бас бухгалтері С. Аукешева (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.) 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға кесілді. Олар 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.
2. 10.09.2021 жылы Ақкөл аудандық сотының үкімімен:
- ҚР АШМ "А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Бас директоры Қ.Абдуллаев (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 16 эпизод) 10 жылға бас бостандығынан айрылды.
- "Монолит-1" ЖШС директоры С. Сулутаева (ҚР ҚК 28 - бабы 5-бөлігі-189-тармағы, 2-тармағы, 1 эпизод) 8 жылға;
- Орталықтың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Е. Косакова 8 жылға бас бостандығынан айыруға (ҚК 28 бабы 5 бөлігі - 189 бөлігі 4 тармағы, 11 эпизод);
- Орталық кадрлар бөлімінің маманы И. Копервас (ҚК 28 - бабы 5-бөлігі 189-бабы 4-тармағы 2-тармағы, 1-бөлім) 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Аталған тұлғалардың барлығы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіз түзеу мекемелерінде жазасын өтеуге сотталған.
Олар 2018-2020 жылдар аралығында аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде орындамай, сондай-ақ кәсіпорын ғимараттарын ағымдағы жөндеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамау арқылы бюджет қаражатын жүйелі негізде жымқырып, мемлекетке 190 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген.
3. 06.09.2021 жылы Қызылорда қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен:
- "Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті" РММ басшысының м.а. Т. Аптикаликов (ҚК 366-б. 4-б.) 11 жылға бас бостандығынан айырылды;
- "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау тобының жетекшісі С. Пазылова (ҚК 368-бабы 2-бөлігі) 4 жылға сотталды.
Аптикаликов Пазылов арқылы серіктестіктің экологиялық заңнама талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілген кешенді тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін жеке компания директорынан 30 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген.
4. 16.09.2021 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы ПД Медеу аудандық ПБ ЖПБ жеке адамға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы полиция майоры Е. Саттарбаев (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Саттарбаев сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену жолымен, атап айтқанда марқұмның туысының 862 мың теңгесін алғаны туралы жалған қолхат жазу арқылы жымқыру күдігіне ілінген.
5. 13.09.2021 жылы Петропавл қалалық сотының үкімімен А. Есләм (ҚК 367-бабы 2-бөлігі) пара сомасының 15 еселенген мөлшеріне – 8 250 мың теңге айыппұлға сотталды. Ол сыбайластары арқылы "Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ басшысына ҚММ балансында тұрған жалға берілетін тұрғын үйді ұсынғаны үшін жалпы сомасы 550 мың теңге пара беру күдігіне ілінді.
6. 10.09.2021 жылы Бесқарағай аудандық сотының үкімімен "Бесқарағай аудандық мұрағаты" КММ бухгалтері П. Аубакирова (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол өзінің карточкалық есепшотына аудару арқылы ҚМУ-дің 4 601 194 теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырған.
7. 10.09.2021 жылы ШҚО Катонқарағай ауданының №2 сотының үкімімен:
- ШЖҚ "Қатонқарағай ауданының №2 аудандық ауруханасы" КМК-ның бас дәрігері А. Қадырбаев (ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1,2,3-тармақтары) ҚР ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге;
- Осы аурухананың бас бухгалтері Г. Жакитова (ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1,2,3-тармақтары) ҚР ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды. Олар өздеріне де, аурухана қызметкерлеріне де іссапар шығыстарын және сыйақы төлемдерін негізсіз есептеу арқылы бюджет қаражатын жымқыруда, сондай-ақ 2008 жылы шығарылған екі УАЗ 39629016 маркалы КМК қызметтік автокөлік құралдарын заңсыз есептен шығаруда күдікке ілінген.
8. 09.09.2021 жылы Ақтау қалалық сотымен Ақтау қаласы ПБ ӘПБ әкімшілік практика бастығы Р. Әбдіманапов (ҚК 361-бабының 1-бөлігі, 369-бабының 1-бөлігі) 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Ол 2020 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында "ЕРАП" жүйесіне өзі және басқа тұлғалар үшін пайдасы мен артықшылықтарын алу мақсатында 874 801 теңге сомасына 20-дан астам құқық бұзушыға салынған айыппұлдарды төлеу туралы жалған мәліметтер енгізуде күдікке ілінген.
9. 07.09.2021 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен "Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қалалық перзентханасы" МКҚК жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия және патология бөлімінің меңгерушісі Д. Нархозиева (ҚК – нің 190-бабы 2-тармағы 3-тармағы, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі 367-бөлігі 2-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9,3 млн теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды. Ол қалалық перзентхана басшылығына алаяқтық жолымен пара беруге айдап салумен ұштасқан 300 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алды деген күдікке ілінді.
10. 08.09.2020 жылы Алматы облысы Сарқан аудандық сотының үкімімен:
- Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің ШЖҚ "Сарқан су Құбыры" МКК директоры А. Шайх-ұлы (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары) 3 жылға бас бостандығынан айыруға;
- МҚК бас бухгалтері М. Күнжуманова (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары) 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот залынан А. Шайхұлы мен М. Күнжуманова қамауға алынды.
Олар қызметкерлердің шоттарына заңсыз аудару жолымен 8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлады деген күдікке ілінген.
11. 06.09.2021 жылы Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты М. Нұрымов (ҚК 28 - бабы 4-бөлігі 367-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-тармағы) пара сомасының жиырма еселенген мөлшеріне – 4 млн. теңге айыппұлға сотталды. Ол Көкшетау қ. ПБ лауазымды тұлғаларына ақтау негіздері бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 200 мың теңге сомасында пара беруге айдап салғаны үшін күдікті болған (ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелген).
12. Екібастұз қалалық сотының үкімімен:
- "ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті" РММ Екібастұз қаласының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Н. Оспанов (ҚК 366-бабы 1-бөлігі) пара сомасының 25 еселенген мөлшеріне - 1 125 мың теңге айыппұлға;
- "Temirtau-bur" ЖШС бас инженері Т. Серікбаев (ҚК 367 - бабы 1-бөлігі) пара сомасының 15 еселенген мөлшеріне – 675 мың теңге айыппұлға сотталды.
Оспанов Павлодар облысының "Бозшакөл ТАС" кен орнында жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бергені және жалпы қамқорлық көрсеткені үшін "Temirtau-bur" ЖШС өкілі Т. Серікбаевтан жалпы сомасы 45 мың теңге көлемінде пара алған.
13. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ІІБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы Д.Қалдыбаев 150 млн теңге айыппұлға сотталды (ҚР ҚК 24 - бабы 3 – бөлігі-190-бабы 3-бөлігі 1,2-тармағы, ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі-367-бабы 2-бөлігі).
Д. Қалдыбаева құқық қорғау қызметінің қызметкеріне пара беруге айдап салу және алаяқтық жолмен 5 млн теңге алуға оқталу күдігіне ілінді.
14. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен "қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ КМК басшысы С. Жақсабаев (ҚК 361 – бабының 1 - бөлігі, 24 – бабының 3-бөлігі 3-бөлігінің 3-тармағы) 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, оның орынбасары Ж. Тілесбаев (ҚК 1-тармағының 28-бабының 5-бөлігі 361-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 3-367-бөлігінің 3-тармағы) 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Жақсабаев орынбасары Тілесбаевтың сыбайластығы арқылы 2020 жылдың желтоқсан айында кәсіпорын қызметкерлерінен 600 мың теңге және 2021 жылдың ақпан айында 1,5 млн теңге көлемінде ақша қаражатын жинау арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда, сондай-ақ МКК қызметін тексерудің оң қорытындысын алу үшін Алматы қаласы бойынша ІМАД бас маманына пара беруге оқталуда күдікке ілінді.
15. Алматы қаласының Медеу ауданы №2 сотының үкімімен "ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы" ММ карантинді, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттерін мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы И.Кандыбаев (ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтары) 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Қандыбаев Алматы қаласының кәсіпкерлерінен ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін бірнеше рет бопсалау, пара алу күдігіне ілінген.
16. Алматы облысының Талдықорған қалалық сотының үкімімен "Талдықорған қаласының білім бөлімі" ММ балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі А.Тұяқбаев (ҚК 366-бабы 2-бөлігі) 12 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды.
Сол үкімімен К. Полномочнова (ҚК 368-бабы 1-бөлігі) 4 млн теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды.
Тұяқбаев К. Полномочнованың делдалдығымен жетім баланы отбасына тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңге сомасында пара алуда күдікті болған.
17. Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен:
- Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары К. Орманов (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 10 млн теңге айыппұлға;
- Облыстың ІМАД №1 сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор Н. Айдабұлова (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 10 млн теңге сомасында айыппұлға сотталды.
Олар "Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу" нысаны бойынша бұрын 15.09.2020 жылы жасалған аудиторлық тексеру қорытындысын азайтуға ықпал еткені үшін аудан әкімдігінің бір ММ басшысынан жалпы сомасы 1 млн теңге ақша алуда күдікті болған.
Бұл сотталғандарға қатысты статистика болса, тергеуде отырғандар бойынша сан басқа.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылдың өткен кезеңінде 1038 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оның 772-сі сотқа жіберілді. Аталған қылмыстық істер бойынша 135 лауазымды тұлға ұсталды, 122 адамға қатысты "күзетпен ұстау" және 29 адамға қатысты "үйқамақ" бұлтартпау шаралары қолданылды", – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі – превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы.
Биылғы жылдың 8 айында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін 5 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кетіп, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері ұйымдарының 48 бірінші басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.
Жемқорлықтан қайтсек құтыламыз
Агенттік сегіз айдағы жұмысын қорытындылап, жемқорлықпен күресте қоғамның қолдауына ие болу үшін бар күш-жігер жұмсалып жатқанын жеткізді.
"Бұл тұрғыда парасаттылық-"integrity" идеологиясын білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет арқылы ауқымды ілгерілету қарастырылған. Барлық өңірлерде жастар пікірі көшбасшыларының, мемлекет қайраткерлері мен құрметті мемлекеттік қызметшілердің, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлерінің қатарынан сарапшылар пулы құрылды. Олардың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру және азаматтардың ұсыныстарын жинау бойынша түрлі форматтағы 400-ден астам іс-шара өткізілді", – дейді агенттік өкілі.
Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы ақша жеуден қорқытатын бір ерекше әдіс қолданылып жатқанын жеткізді. Жемқорлықпен ұсталғандардың сот алдында жауап беріп тұрған кезі оның әріптестеріне онлайн көрсетіледі. Мақсат кеше ғана қасында жүріп, қызметтес болған адамның пұшайман күйін көрсетіп, жемқорлықтың соңы немен аяқталатынын сезіндіру.
"Пара беру және делдал ретінде қатысу заң бойынша қудаланатынын еске салғым келеді."Пара беру" Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырмадан алпыс есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады", – дейді Ғалымжан Асанұлы.
Мәселен, Қостанай облысында сотталғанға құқық қорғау органдарының бірінің лауазымды тұлғасына 800 000 теңге пара бергені үшін 24 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында пара берушіге коммуналдық мекеменің лауазымды тұлғасына 500 000 теңге пара бергені үшін 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
"Мұндай мысалдар көп. Өз кезегінде, 2 АЕК-тен кем пара беру пара берушіні жауапкершіліктен босатпайды. Заңсыз материалдық сыйақының және сыйлықтардың мұндай түрі 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", – деп ескертті агенттік қызметкері.
Айтуынша, тұлғаның қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзғаны алдынан әрдайым шығып отырады. Мысалы, бұл мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік секторға жұмысқа орналасуға кедергі. Сондай-ақ Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау жұмыс берушінің өзінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу үшін негіз бола алады.
Жемқор көрсе жиырылып, "жауды" көрсе "аттандайтын" қоғам қалыптаспайынша, бір агенттіктің күші бұл жерде аздық етеді. Ғанижан Асанұлының сөзі осыған саяды. Қоғамды ынталандыру үшін сыйақы да тағайындалған. Егер біреудің қылмысының үстінен түсіп, оны 1424 нөміріне хабарласаңыз 80 мыңнан 11 млн теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы аласыз.