Биржа ШОБ-қа бетін бұрды

4177

KASE ШОБ-ның биржаға шығу талаптарын жеңілдетпек.

Биржа ШОБ-қа бетін бұрды

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) өз жұмысына ШОБ сегментін тарта отырып, қаржылық делдалдық кеңейту векторын қолға алмақ. Бұл жайлы 27 сәуір күні тәуекел-менеджменті бойынша өткен XIII халықаралық конференцияда KASE басқармасының төрағасы Алина Алдамберген мәлім етті.

Ең бастысы шағын және орта көлемді бизнеске арналған капиталдандыру талаптары мен шарттарын жеңілдету, соның ішінде қарқынды дамып келе жатқан компанияларға жеңілдік жасау керек деп атап кетті KASE басшысы. Осыған орай KASE индексінің өкілдік тізіміне алынатын құнды қағаздарды іріктеп алу талаптары өзгертіліп, онда эмитенттерді капиталдандыру және қаржылық тұрақтандыруға баса мән берілді. Талаптарға енгізілген өзгертулер 1 мамырдан бастап күшіне енеді.

Қор биржасының түсіндіруінше, өзгертулер енгізуге KASE-нің 2018 жылға дейін өзінің жаңа стратегиясы баламалы алаңды ұйымдастыруды іске асыру аясында жасалып отыр. Ол тізімге ШОБ секторындағы компаниялардың акциялары кіреді, олардың ішінде дамудың бастапқы кезеңіндегі бизнес, сондай-ақ IPO-ға өткен компаниялар да бар.

Сонымен бірге биржа өкілдері олардың жұмысы ірі компаниялар жұмысына қарағанда тәуекелге аса бейім екендігіне тоқталып өтті. Сондықтан KASE жоғарыда айтылған баламалы алаңды өзінің индексі етуге ниетті. Ал қолданыстағы қазіргі индексті тек бағалары бойынша өтімді ірі және қаржылық тұрақты компаниялардың акциялары үшін негізгі алаң болып қалады.

Биржаның бағалауы бойынша, жоспарланып отырған листинг трансформациясын жаңа биржалық құралдармен бір мезгілде енгізу 2016 жылдың нәтижесіне қарағанда 2018 жылдың соңында листингтік құралдар санының 30% -ға өсуіне әкеледі. 2016-2018 жылдарда KASE корпоративтік құнды қағаздардың 170 шығарылымын жасауды жоспарлап отыр.

"Қазір біздің биржадағы компаниялар IPO-ны өткізу мүмкіндігіне сай компаниялар. Көптеген биржалар басқа да бағытта, яғни ШОБ стартаптарымен жұмыс істеп, венрчурлік қаржыландыруды тарту үшін алаңдар ұйымдастырып, краудфандингке көшуде. Біздің алаң – бизнес пайда болатын алаң, бұл жерде инвесторлар мен эмитенттердің кездесуін ұйымдастыра аламыз", – деп түсіндірді Алина Алдамберген.

Сонымен бірге ол бүгінгі күні краудфандингтік платформалар сияқты жаңа үрдістердің пайда болып жатқанын, сондай-ақ оларда кәсіпкерлер үшін инвестиция тартудың бір тәсіліне айналып, биржаға айтарлықтай бәсекелес болып отырғанын айтты.

"Біздің листингктің 82%-ы акция нарығында және 94%-ы облигация нарығында, олар қаржылық және квазимемлекеттік компаниялар. Яғни қазіргі уақытта қорды қаржыландыру осы секторлар есебінен жүріп жатыр. Егер акция нарығында жеке және нақты сектор 16% болса, онда облигация нарығы 6%. Біздің ЖІӨ-ге қаражат салуымыз төмен. Яғни акция нарығында 30% және облигация бойынша 17% несие қоржынымен салыстырғанда 28%. Ал дамыған және дамып жатқан экономикалық елдерде бұл коэффицент 100%-ға жуық", – деп KASE басшысы биржаның қазіргі жағдайын сипаттады.

Элина Гринштейн, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу