Еліміздің мұнай өңдейтін зауыттары жекешелендіріледі

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
3367

Үкіметте жекешелендіруге қатысты пікірталас жалғасып жатыр.  

Еліміздің мұнай өңдейтін зауыттары жекешелендіріледі

Үкімет елдегі мұнай өңдейтін зауыттарды  (МӨЗ) жекешелендіру туралы мәселені қарастыру үстінде. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев журналистерге мәселені шешудің екі жолы бар екенін айтты. Жекешелендіру 2018-2019 жылдары басталатын "ҚазМұнайГаздың" IPO-сы шеңберінде болады немесе жекелеген стратегиялық инвесторларға сатылады.

"Самұрық-Қазына" кеңесшілерді жалдап, олар "еліміз үшін тиімдісі - сатылы компания" деді делік. Ал бұл орайда "ҚазМұнайГаздың" ойы мүлдем басқа", – деген министр энергетика министрлігінің аталмыш мәселеге қатысты ұстанымын айтудан бас тартты.

МӨЗ-ді жекешелендіру мәселесі әлі талқыланып жатса да, шорт-параққа тіркелген қалған активтер бойынша толыққанды жұмыс жүргізілуде. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, оған қосымша 137 ұйым қосылып, 41 ұйым алынып тасталған. Жекешелендіруге жіберілетін ұйым саны – 879, оның 68-і – ірі компания.

Жаңартылған кестеге сәйкес, 2017 жылы 325 ұйым сатуға шығарылады, ал 2018 жылы 61 ұйым сатылады. 2019-2020 жылдары IPO/SPO-да еліміздің ең ірі 8 активі – "Эйр Астана", "Қазатомөнеркәсіп", "Қазақтелеком", "ҚазМұнайГаз", "Қазпошта", "Самұрық-Энерго", "Қазақстан темір жолы", "Тау-кен Самұрық" акционерлік қоғамдары сатылады деп жоспарланған.  

Әлеуметтік сала нысандарының жартысын бәсекелестік ортаға беруден бас тартылыпты. Бұл туралы министр: "6450 ұйымды мемлекет меншігінде қалдыру ұсынылып отыр. Бұл ұйымдардың 80%-дан астамы  әлеуметтік сала ұйымдары – балабақшалар, театрлар, музей, аурухана, мектептен тыс ұйымдар", – деп нақтылады.

Квазимемлекеттік сектор активтерін жекешелендіруге баса назар аударылып отыр.

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев жекешелендірілетін компанияларға қызығушылық танытып отырған шетелдік инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Олардың қатарында General Electric, ресейлік "Трансмашхолдинг" (ТМХ) бар. Француздың Alstom компаниясы "Электровоз құрастыру зауыты"  ЖШС-ға қызығып отырса, "Тұлпар Тальго" ЖШС "Khorgos Gateway" қытай компанияларын қызықтыруда. Испания мен Корея инвесторлары күн сәулесінен қуат алатын батареяларды өндіруге қызығуда, ал "Майқайыңалтын" АҚ ресейлік компанияның назарына түсіп отыр.  

"Шетелдік инвесторлар үшін бұл жерде үлкен үлес бар, сондай-ақ стратегиялық инвесторларды іздеуге қатысты жұмысты да тоқтатпаймыз", – деді "Самұрық-Қазына" қорының басшысы.

"Бәйтерек" холдингінің басшысы Ерболат Досаев "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ үшін стратегиялық инвестор  іздестіріліп  жатқанын айтты.

"Оны 2018 жылдың екінші жарты жылдығында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Егер мұндай инвестор табылмаса, АХҚО алаңындағы IPO-ға шығу мүмкіндігін қарастырамыз", – деді ол.

Мұнымен бірге конструкторлық бюро және техникалық паркті жоспарлы іске асыру жүргізіліп жатыр.

"Көп жағдайда олардың инвесторлар үшін коммерциялық құндылығы жоқ. Бизнес-қауымдастық тарапынан коммерциялық қызығушылық тудырмай отырған жоғары оқу орындарын технопарктерге беру және конструкторлық бюроларды жою туралы мүмкіндікті жаңғырту бойынша мемлекеттік комиссия қарауына тағы да ұсынып көрмекшіміз", – деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Жекешелендіруге ұсынылған "ҚазАгро"  холдингінің активтері бойынша да стратегиялық инвесторлар іздестірілуде.

Холдинг басшысы Нұрлыбек Мәлелов егер мұндай инвестор табылмайтын болса, онда "Қазаргомаркетинг" ашық саудаға қойылатынын айтты. Ол "Қазагроқаржы" компаниясының маңыздылығы мен несиелік рейтингісін сақтап қалуды ескере отырып, оны алатын инвестордың рейтингісі "ҚазАгро" холдинг рейтингісінен төмен болмауы шарт екенін жеткізді.

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев үкіметке мемлекеттік-жеке әріптестіктің   жекешелендіру тетіктерін  қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

"Әңгіме Ақтөбе, Атырау және Павлодар әуежайы сияқты нысандар жайында болып отыр. Егер үкімет тапсырма берсе, онда министрліктермен тез арада дайындай қояр едік", – деп түсіндірді ол. МЖӘ механиздері жекешелендіру үшін тиімді құрал екенін атап көрсеткен "Атамекен" КҰП басқарамасының төрағасы Абылай Мырзахметов Өмірзақ Шөкеевті бірден қолдады.

"Шын мәнісінде МЖӘ жақсы тақырып, мемлекет басшысы  мұны бізден де, әкімдерден де сұрайды. Жекеменшікті басқарудың бұл түрі кейбір аймақтарда жақсы атқарылып жатқанын, ал кей аймақтарда ойдағыдай  болмай отырғанын көріп отырмыз. Бірақ та соған қарамастан барлық кедергі реттеліп, алынып тасталатын болады. Жақында МЖӘ бойынша үлкен кеңес өткізуге келісіп отырмыз, сол жерде күні бүгінге дейінгі  бар кедергіні және біздің қаншалықты алып тастағанымызды көретін боламыз. Әр министрлік өз бағыты бойынша жеке  тоқталатын болады", – деп ұсынысқа қолдау білдірді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Ирина Севостьянова, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу