Геодезия ұлттық координат жүйесіне көшеді

21363

Кеңістіктегі мәліметтердің электронды базасын жасауға 20 млрд теңге қажет.

Геодезия ұлттық координат жүйесіне көшеді

Елдімекендердің, жер учаскелерінің, мекемелер мен жолдардың, инженерлік коммуникациялардың картографиялық және геодезиялық сипаты өзектендірілген ақпараттың электронды платформасы ұлттық кеңістік мәліметтердің инфрақұрылымын (ҰКМИ) қалыптастырады. Жобаның құны 20 млрд теңге деп бағланып отыр. Бұл туралы abctv.kz-ке "Қазгеодезия" РМҚК бас директорының орынбасары Римма Қойшыбаева мәлім етті.

Жобаның бірінші кезеңін іске асыруда ұлттық координат жүйесін құру жоспарланып отыр, өйткені бүгінгі күні елде 1942 жылғы жүйе қолданылып жүр.

" Жер серігі технологияларымен жұмыс істейтін, бізге мәліметтерді сантиметрлік дәлдікпен ұсынуға мүмкіндік беретін координаттың жаңа жүйесін құру қажет. Мәселен, жерді бөлуге қатысты мәселе туындағанда, қандай да бір жерлі анықтайтын болады. Оның нақты координаттарын анықтау қажет. Қазір мұны координаттың әртүрлі жүйесінде істеуге тырысып жатыр, бірақ та қажетті дәлдікті таппайды. Осының нәтижесінде жер учаскелері  бірінің үстіне бірі шығуда. Осының салдарынан соттасып жатқандар қаншама. Сондықтан осының барлығын  нысанды сантиметрге дейінгі дәлдікпен геожайғастыру жасауға мүмкіндік беретін  заманауи координат жүйесінің көмегімен жою қажет", – деп түсіндірді Римма Қойшыбаева.

Жаңартылған геодезиялық жүйе негізінде осы немесе басқа да нысанның орналасқан орны туралы ашық мәліметтер көрсетілген карта жасалатын болады. Тап қазіргі уақытта Қазақстанда кеңістіктік ақпараттың үлкен бөлігі жиналған, бірақ ол әртүрлі және құрылымдау мен біріктіру бойынша үлкен жұмысты қажет етеді. Нәтижесінде барлық мәліметтер тәртіпке келтіріліп, бір геоақпараттық платформаға жиналады.

Ақпарат интернет-ресурста кез келген тұтынушыға қолжетімді болады. Ірі қалалар, облыс орталықтарының, әкімшілік аудандардың, ауылдық округтердің шекарасы онлайн-тәртіпте көрсетіліп тұрады. Сондай-ақ сайтта ғимарат, имарат, жол, инженерлік коммуникация, электр желілері және басқа да инфрақұрылымдық нысандардың орналасуымен танысуға болады.

"Яғни жергілікті жердегі кез келген нысан. Мысалы, ғимарат, оның орны, координаты, пішіні мен сипаты көрсетіледі. Тіпті ғимарат қанша қабаттан тұратыны және оның ауданы қанша екені көрсетіледі. Бұл сондай-ақ құбыр желісі, газ құбыры, электрмен жабдықтау. Яғни тұтынушы көргісі келгеннің барлығы тұрады, ол барлығын көре алады. Геопортал жерге орналастыру, ауыл және орман шаруашылығы, геология, сейсмология, құрылыс сияқты салалардың дамуына мүмкіндік береді", – деп түйіндеді "Қазгеодезия" РМҚК бас директорының орынбасары.

Сонымен қатар мәліметтерді реттейтін, оның ішінде "ашық" немесе "құпия" ақпараттар дәрежесін анықтайтын стандарттар мен нормативтік құжаттарды дайындау керек болады. Жобаны іске асыру мерзіміне келер болсақ, онда бүгінгі күні техника-экономикалық негіздеме дайындалып жатыр. Жобаны бастау 2019 жылға, ал оның тиражын шығару 2024 жылға жоспарланып отыр

Карина Алимова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу