Каспий теңізіндегі тосын оқиғалардың алдын алатын құжат қабылданды

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
2573

Сенат "Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылдады.

Каспий теңізіндегі тосын оқиғалардың алдын алатын құжат қабылданды

Парламент сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады.Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаевтың айтуынша, аталған келісімге 2018 жылдың тамызында Ақтау қаласында қол қойылған.

"Құжаттың мақсаты – теңіздегі Каспий маңы мемлекеттерінің аумақтық суларынан тыс әскери кемелерінің жүзуі мен оның үстіндегі әуе кеңістігіндегі әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді Бақыт Құрманбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Келісімнің ережелеріне сәйкес, әр тараптың әскери және әуе кемелері басқа тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелеріне жақындаған кезде қауіпсіз ара қашықтықта болуы және барынша сақтық танытуы қажет.

Қорғаныс министрі орынбасарының сөзінше, әскери кемелер мен әуе кемелері бір-біріне жақындаған кезде тыйым салынатын әрекеттер бар. Атап айтқанда, жеке құрамның денсаулығына зиян келтіретін немесе теңізде жүзу немесе ұшу үшін кедергі тудыратын әрекеттерге, шабуылдары имитациялауға,  қандай да бір заттарды тастауға, кемелерді басқаруда кедергі келтіретіндей жарықтандыру құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

Тараптар өз әскери кемелері командирлерінің 1972 жылғы Теңізде кемелер соқтығысуының алдын алудың халықаралық қағидаларын мүлтіксіз сақтауы байынша шараларды қабылдауы керек.

"Ақпарат алмасу және өзара түсіністікке қол жеткізу үшін әскери корабльдер мен әуе кемелері келісімде айқындалған жиіліктердегі радиобайланысты пайдаланды. Кемелердің іс-қимылдары мемлекеттердің егемендігі мен айрықша құқықтарына зиян келтірмей жүзеге асырылады. Келісімді іске асыру – теңіздегі Каспий маңы мемлекеттерінің әскери кемелері мен ұшақтары арасындағы өзара достық қарым-қатынасты арттыруға мүмкіндік береді", – дейді Бақыт Құрманбаев.

Еске сала кетейік, Каспий маңы мемлекеттеріне Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан жатады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу