Қазақ тілін қалай дамытуға болады? Ұят емес. Неге балаларға жыныстық тәрбие жөнінде айту керек

5747

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz –тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Қазақ тілін қалай дамытуға болады? Ұят емес. Неге балаларға жыныстық тәрбие жөнінде айту керек

Сamonitor.kz : "Депутат-журналистер: қазақстандық парламентке не керегі бар?", – деген сауалды camonitor.kz басылымы көтеріп отыр. Бұл мақала авторы мандаты бар журналистердің пайдасы бар ма деген сұраққа жауап іздейді. Осы мақсатта арнайы сауалнама жүргізген, бірқатар журналист өз ойларын ортаға салып, пікірін білдірген.  

"Депутат-журналистер өз әріптестірінің құқығын қорғаумен шұғылданып, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңнамаға қандайда бір өзгеріс әкеледі дегенге күмәнданамын. Өйткені,ең алдымен, бұл журналистердің қай БАҚ-тан келгенін ескеру керек. Әрине, билікке жақын болған. Олар  шындықты айтып, қысым көремін бе әлде "паркеттік" сюжетті жасап, аман-есен жүремін бе деген таңдау жасады ма? "Қазақстан" телеарнасы да, "Айқын" газеті де өткір материал беріп, көзге түскен емес, түспейді де", - дейді "Әділ сөз" қорының жетекшісі Тамара Калеева

"Болашаққа сеніммен қарайтын адамдардың көңілін қалдыратын шығармын, бірақ еш нәрсе өзгермейді. Себебі біздің парламенттің екі палатасында да мамандығы бойынша мұғалім-депутаттар бар, соған қарамастан білім саласының жақсарып жатқанын көріп отырған жоқпын. Сонымен қатар депутаттар арасында дәрігерлер, ғалымдар мен спортшылар бар, олардың салаларында да оңтайлы өзгеріс болып жатқанын байқамадым",–дейді журналист Мирас Нұрмуханбетов.

"Қазақстанда бұрындары да журналистерді депутат етіп сайлаған, бірақ олардың қандайда бір әсер еткені есімді жоқ. Тек Алтыншаш Жағанова есімде. Оның 12-13 шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің мінберінен жарқын сөйлеген сөздері естен кетпейді. Бүгінгі күні бірнеше журналист парламентте отыр, бірақ Платоновтың заң шығарушы ынтасын кім көріп естіді?",– дейді Айгүл Омарова.

365info.kz: "Қазақ тілін қалай дамытуға болады?- сарапшылар пікірі" атты мақала 365info.kz сайтында жарық көрді. Кез келген тіл көркем әдебиет арқылы дамиды әрі жетіледі. Алайда әлем классикасы қазақ тіліне көптеп аударылып жатқан жоқ.  

Саясаттанушы Жұмабек Сарабековтың пікірінше, қазақ тілін дамытуы үшін  осы тілде жазатын авторлар санын көбейту керек.
"Себебі кез келген тіл әрдайым өзгеріп, дамып отыратын тірі организм сияқты. Бұл процеске, әрине, қазақ тілі де еніп отыр. Алайда оның дамуына сапалы контент керек. Бұл бағытта бізге түрлі әдеби бәйге тағайындау керек және зиялы қауымға мемлекеттік қолдау көрсету қажет. Себебі көп жағдайда жазушылардың өз шығармаларын басып шығаруға мүмкіндігі жоқ. Осы жағынан мемлекет оларға көмектесе алады",– дейді ол.
"Бізде кәсіби аудармашылардың мектебі қалыптасуы керек. Сонымен қатар салалық  факультеттер саны көбейсе қажетті мамандар саны көбейеді деп айта алмаймын. Себебі бізде қазіргі кезде мамандар көп болғанымен, олардың барлығы білікті маман емес", – дейді баспагер Бақытжан Бухарбай.
Өз кезегінде пікірін ортаға салған саясаттанушы Әзімбай Ғали. Көркем әдебиетті Қытайдан келген оралмандар аударса болады дегенді айтады. Себебі олар қазақ тілін жақсы біледі, ағылшын тілінде менгерген.
Fergana.agency: "Қазақстандағы нағыз азаматтық қоғам неге негізделген" атты мақала Fergana.agency сайтында жарық көрді. Бұл мақалаға жүгінсек, британдық ғалымдар Қазақстандағы азаматтық қоғам қалай қалыптасқанын және не себептен батыс қорлары қазақтарға белсенділіктің үлгісін міндеттегісі келетінін анықтаған.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның табиғатын зерттеу үшін британдық ғалымдар Түркістан облысына атанған. Сөйтіп 2015-2016  жылдар аралығында 300 үй шаруашылығын аралап, халықты әңгімеге тартқан. Әңгіме барысында олардың өмірі жайында, табиғат апатымен қалай күресетіні туралы сұрастырған. Зерттеу нәтижесінде шығарған бұл жұмыстарын олар ғылыми журналға жариялап үлгерген.
"Британдық ғалымдардың пікірінше қазақтарға міндеттеліп отырған азаматтық қоғамның шетелдік үлгісі (мемлекетке қарсы шығу, еркін нарық) қазақтарға келмейді, келгенімен ұзаққа бармайды. Сол себептен ғалымдар халықтың ауыл шаруашылықтағы ескіден келе жатқан (көшпенді, социалистік) тәжірибесі ескерілмесе қазақстандық қоғамдағы қазақ тілді ауыл мен орыс тілді қалалықтар арасындағы екіге жарылу процессін тереңдете түседі" деп жазады мақала авторы.  

Liter.kz: "Ұят емес. Неге балаларға жыныстық тәрбие жөнінде айту керек" атты мақаланы Liter.kz басылымынан оқуға болады.  Аталмыш материалда жыныстық және гендерлік білім керектігі айтылған. Сол себептен мұны мектеп бағдарламасына енгізу керек екенін айтады мақала авторы.  Мақалада келтірілген дерекке сүйенсек, Қазақстан бойынша жасөспірімдер арасында жүктілік көрсеткіші өте жоғары.

Арнайы жүргізілген зерттеу 15-19 жас аралығындағы 49 қыздың 16,7%-ы  бұған дейін жүкті болғанын көрсеткен. Оның басым көпшілігі 30-ы (62%) босанған, 11-і (22%) түсік жасаған, ал 8-і (16%) түсіріп алған.

"Қазақстандағы жастардың үштен бір бөлігі жыныстық қатысқа 14 жасынан бастап түседі. Сол себептен олармен жыныстық жетілу жайында айтқан жөн.Осы арқылы өмірде кездесетін көптеген мәселенін алдын алуға болады. Қазіргі кезде әрбір бесінше отбасы бедеулік мәселесін басынан кешіріп отыр. Бұл сан жыл өткен сайын өсіп келеді. Жыныстық, гендерлік білім беру мәселесін мектептен бастау керек",– дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығы басшысының орынбасары Камила Тұяқбаева.

Caravan.kz: "Қазақстан  түлектері неге шетелге білім алуға кетеді?" деген сұрақ төңірегіндегі мәселені Caravan.kz басылымы көтеріп отыр. Бұл мақалада қазақстандық оқушылардың не себептен жоғарғы оқу орнына түсу үшін қосымша орталықтарға барып, білімдерін тереңдетені айтылған. Арнайы орталық ашып, түлектермен жұмыс істейтін мамандардың айтуынша, қазақстадық түлектердің 70 мыңы шетелде білім алғанды қалайды.

"Отанымды сүйемін деп жар салуға болады. Алайда өз отаның саған жұмыс бермесе, біз ең ақылды азаматтарымыздан, адамдарымыздан айырылып жатырмыз. Біздің білім жүйеміз толыққанды емес. Егер адамдар шетелге кетіп, білім алып жатса, бұл жүйеде кемшілік бар деген сөз",– дейді “Kazan education" орталығының жетекшісі Ринат Абдулхаликов.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу