Қазақстан Қытайдың экспансиясын пайдалануы керек

Kazakhstan Growth Forum-да қаржы саласындағы жетекші ұйымдардың басшылары әлемде өзекті болып тұрған мәселерді талқылады. 

Қазақстан Қытайдың экспансиясын пайдалануы керек

Алматыда еліміздегі бизнес-элитаның басын біріктірген Kazakhstan Growth Forum өтіп жатыр. Биыл бұл жиын тоғызыншы рет ұйымдастырылды.  Аталмыш форумның ерекшелігі кәсіпкерлер мен шенеуніктер бір алаңда кездесіп, еліміздің бизнес саласындағы бірқатар мәселені талқылады. Бұл жолы шарада көтерілген өзекті тақырыптардың бірі  - 2020 жылғы әлемнің даму мүмкіншіліктері.

Global Federation of Competitiveness Councils директорының орынбасары Пол Хармс, қазір әлімдік сауда нарығында геосаяси мәселелерге байланысты шиеленіс байқалатынын айтты.

"Сіздермен көршілес жатқан Ресейдің  ықпалын байқаймыз. Сонымен қатар, әлемде Қытайдың экспансиясы да байқалады. Әрине, бір жағынан жақсы. Алайда сауда-саттық мәселелері үдей түсуі мүмкін. Бұл Қазақстанға қалай әсер етеді? Менің ойымша, мұндай алпауыттармен көрші болу Қазақстанда қаржылық технологиялар саласын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл технологиялық тенденциялардың эволюциясы адами капиталдың жоғары деңгейде болуын талап етеді. Сондықтан осы мүмкіншіліктерді пайдалану керек. Болашақта "дарындылар конвейірін" жасау қажет. Бұған инвестиция салу керек",- дейді Пол Хармс.

Krishnamadhav Global Foundation төрағасы доктор Роберт Дос Рейс, әлемнің дамуымен жаңа технологиялардың дамуы қатар жүретінін атап өтті.

"Жуырда маған әлемдегі ең ірі екі университеттің вице-президенттері болашақта жасанды интеллект алгоритмі болуы мүмкін деп айтты. Ал мен 60 күн бұрын осы жүйені енгізе бастаған Бразилиядағы кішкентай қалашықта орналасқан университеттегі жаңалықты мысалға келтірдім. Яғни, бұл оқу орнына түсу емтихандарын жасанды интеллект алгоритмі бағалайды. Әрине, оны жүзеге асыру қиын болуы мүмкін. Бірақ бұл үлкен мүмкіншіліктер сыйлап, ұстаздардың қаншама уақытын үнемдейді. Сондықтан әлемнің дамуы да осы жаңа технологиялармен байланысты",- дейді   Роберт Дос Рейс.

Сонымен қатар сарапшылар әлемде ушығып тұрған көптеген мәселелерді атап өтті. Олардың қатарында геосаяи шиеленіс, технологиялық айырмашылықтар, жаһандық экономиканың даму қарқынының төмендеуі бар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу