Қазақстандағы әрбір оныншы ауылдың даму әлеуеті төмен

3955

179 елдімекен, немесе 3%-ға жуығына жойылу қаупі төніп тұр.

Қазақстандағы әрбір оныншы ауылдың даму әлеуеті төмен

Еліміздегі әрбір алтыншы ауыл, немесе 15%-ы дамудың жоғары әлеуетіне ие болса, елдімекендердің 74%-ы орташа және 11%-ы ның болашағы көмескі. 179 селолық округтің ертеңгі күні күмәнді. Еліміздің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасының өзектілігі жөнінде қол алған жұмыс шеңберінде жүргізілген ауылдық жерлерді талдау нәтижесі бойынша Экономикалық зерттеулер институтындағылар (ЭЗИ) осындай қорытындыға келіп отыр. Талдаудың нәтижесімен ЭЗИ төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқанов Expert Update сарапшылық пікірсайысы кезінде таныстырған болатын.

"Елімізде 6545 ауылдық елдімекен бар. Олардың 74 пайызы орташа әлеуетке ие, 15 пайызының әлеуеті жоғары. Ауылдық аумақтарды талдаудың нәтижелері бойынша , 6545 ауылдық елдімекеннің 50 пайызы тұрғындарының саны 500 адамнан аспайтын ауылдар болса, ал 497 елдімекенде тұратындардың саны 50-ге де жетпейді", – деп мәлімдеді ЭЗИ.

Талдау жүргізушілердің пікірінше, 179 ауылдық округтің болашағы жоқ. Сарапшылар оларды оңталандыру мәселесін көтеріп отыр. Сондай-ақ ЭЗИ шағын қалалардың мәртебесіне қатысты да мәселенің басын ашып алу қажет деп санайды.

"Қала мәртебесі бар, алайда оларда тұратындардың саны бес мың адамға жетпейтін қалалар бар. Мәртебесін өзгерту мәселесі туындауда: оларды қала ретінде қалдыру керек, немесе ауылдық елдімекен ретінде қалдыру керек", – деп атап өтті Мұқанов.

Бүгінде елімізде заңнамадағы ереже бойынша халқының саны мәртебесіне сай келмейтін 14 қала бар. Себебі "Әкімшілік-аумақтық құрылымдау туралы" ҚР Заңы бойынша халқының саны 10 мың адамнан кем емес елдімекендер қала болып саналады.

Еліміздегі шағын қалалар дамып жатқан жоқ әрі олардың кенттерден айырмашылығы шамалы. Осыған орай республикада урбандалу процесінің деңгейін межелеу кезінде оларды есепке алмау керек, деп санайды TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директор Рақым Ошақбаев.

"Статистикаға жүгінсек, елімізде урбандалу өсіп келеді. Бүгінде ол 57,4 пайызды құрайды. Дегенмен мына нәрсені айта кетейік, 2,3 миллион адам өмір сүретін 13-ші деңгейдегі қалаларды есепке алмайтын болсақ, онда урбандалу 44 пайызды құрайды. Урбандалудың деңгейінің санаттары туралы сөз етпей-ақ қоялық, бірақ кейбір қалалардың өмір сүру салты, инфрақұрылымының даму жағынан жалпы алғанда ауылдан еш айырмашылығы жоқ. Егер біз заңдық тұрғыдан емес, экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, онда біздегі урбандалудың әлі де төмен деңгейде қалып отырғанын көреміз. Ол бар болғаны 44 пайызды құрайды", – деп атап өтті сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 5 қазанында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін еліміздің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сондай-ақ аймақтарды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

Карина Алимова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу