Қазақстандықтар Украинаға кедергісіз сапарлай алады

Аскар Муминов Аскар Муминов
3766

Соғыс жағдайы Астана мен Киевтің сауда байланысына әсер етпейтін болады.

Қазақстандықтар Украинаға кедергісіз сапарлай алады

Украинадағы соғыс жағдайы осы елмен тығыз байланысы бар және оған жиі сапарлайтын қазақстандықтарға ешқандай әсер етпейтін болады.

ЕАЭО елдерінің өзге азаматтары және ресейліктермен қатар қазақстандықтар да Украинада соғыс жағдайы әрекет ететін сәтте осы елге келе алмайтындығы туралы соңғы екі күнде әлеуметтік желілерде гулеген ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.

Қазақстандағы Украина елшілігіндегілер abctv.kz порталына мәлім еткендей, соғыс жағдайы әрекет ететін бір ай ішінде ҚР азаматтарының Украинаға сапарлауына ешқандай шектеу қарастырылмаған. Қазақстандықтар Киевке және осы елдің кез келген қаласына атбасын бұра алады, деп мәлімдеген елшіліктегілер, тыйым тек Ресейдің 16 мен 60 жас аралығындағы ер адамдарына ғана қатысты екенін түсіндіріп өтті.

Бәрі де бұрынғыша
Украиналық саясаттанушы, журналист, "УНИАН" ақпараттық агенттігінің аға тілшісі Роман Цимбалюк abctv.kz-мен болған әңгімесінде, Украинаға сапарлауға Қазақстан азаматтарына қатысты ешқандай өзгеріс жоғын нақтылады. Ол қызмет көрсетуші шекарашылардың әскери киініп алғаны және қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, сондай-ақ жүктер мұқият тексерілетіндігі ғана көзге ерекше түсуі мүмкін екенін атап өтті.

"Украинадағы ішкі ахуал туралы айтар болсақ, ол қалыпты жағдайда. Стратегиялық нысандардың күзеті күшейтіліп, сондай-ақ барлық әскерилердің қызмет атқаруы жоғары деңгейге көшірілгені болмаса, соғыс жағдайының ерекше көріністері байқалмайды. Қазақстанға қатысты барлық дипломатиялық, мәдени, гуманитарлық, сауда, іскерлік байланыстар әдеттегідей режимде, ешбір өзгеріссіз жүргізілуде. Украинаның аумақтық тұтастығын Қазақстанның қолдайтындығын Киевте бағалайды", – деді Цимбалюк мырза.

Сарапшы Киев пен Астана арасындағы сауда байланыстары 2016 жылдан бері, Мәскеу украиналық азық-түлік өнімдерін Ресейден үшінші елдерге реэкспорттауға тыйым енгізгеннен кейін қиындап кеткенін атап өтті. Украиналық тауарларды Қазақстанға транзиттеу үшін 2016 жылдан бастап екі рет: алдымен Қара теңіз арқылы пароммен, содан соң жүктерді Каспий арқылы алып өткені үшін ақы алынады.

Сауда әлдеқашан саябырсыған
Экономист Андрей Клименчук егер Қара теңізде жағдай ушығатын болса Қазақстан мен Украина арасындағы сауда байланыстары үзілуі мүмкін екенін айтады. Бұл тауар алып өтетін бағдардың бірі, алайда күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, әзірше тауар алып өтуге ешқандай шектеу жоқ, тауар тасымалдау әдеттегі режимде жүзеге асырылуда.

Дегенмен сарапшы 2016 жылдан бері пайда болған сауда кедергілері Украина мен Қазақстанның іскерлік және экономикалық байланыстарына айтарлықтай әсер еткенін айтады. Оған себеп негізгі сауда көлік және теміржол көлігі арқылы жүргендіктен, олардың жолына тосқауыл қойылып келді. Осының салдарынан Қазақстаннан Украинаға тауар импорты дағдарыс басталғалы бері 35%-ға, экспорт 31%-ға, өзарасауда жалпы 63%-ға құлдырағанын құрағанын жеткізді.

Баламасы тым қымбат
Шыны керек, 2017 жылы екі елдің сауда қатынастарында өзгерістер басталғандай болды. Осы жылдың қаңтар-ақпанында елдер арасында экспорттық және импорттық жүктердің көлемі 186,6 мың тоннаны құрады. Бұл 2016 жылғы деңгейден 15%-ға жоғары.

Қазір Киев те, Астана да Ресейді айналып өтетін жол деп айдар тағылған Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) дәлізінің дамуымен өзарасауданың өсетіндігіне сенім артып отыр.

Киев пароммен, атап айтқанда Қара теңізде Ильичевск – Батуми және Каспий теңізінде Алят – Ақтау-Порт арқылы жүкті екі асырудың баламалы жолын ұсынғаны мәлім.

Алайда, Еуразия елдерінің инфрақұрылымдық жобалары жөніндегі сарапшы Кубат Рахимовтың сөзінше, ҚР-ға украиналық тауарларды экспорттаудың балама нұсқаларының бәрі де әзірше қаржылық шығынды әрі өзін-өзі ақтамайды. Қалай болған күнде де Ресей мен Белоруссия аумағы арқылы тасымалдаудың классикалық нұсқасы ұзақ жылдар бойы қолайлы болып келген еді.

Қытайдың өз айтары бар
Рахимов мырза бағдарларды қайта құру, логистикалық тізбекті өзгерту әлі талай жылға жүк болатынын айтады. Бәрін күрт өзгерткен 2016 жылы айтарлықтай құлдырау болғанымен, 2017 жылы жағдай түзеле бастапты.

"Егер Қара теңізде салыстырмалы түрде алғанда бәрі тыныш болатын болса, онда қазіргі қарқын сақталып қалады. Бүгінгі таңда соғыс жағдайы Қазақстан мен Украина арасындағы саудаға ешқандай әсер етпейді. Оның жанама әсері болуы мүмкін, егер жанжалға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізілетін болса, ол рубльді құлдыратып, сәйкесінше, ол теңгеге әсер ететін болады. Одан өзге тікелей әсер әзірше қарастырылып отырған жоқ", – деп атап өтті Рахимов мырза.

Сарапшы бұл істе Қытай мүддесін де естен шығармау керегін айтады.

Оның айтуынша, Бейжің қазір жеткізушілерді де, өткізу нарығын да, транзиттік бағдарларын да барынша әртараптандыруға тырысатын болады. Рахимов мырза ҚХР Жаңа Жібек жолының бірнеше бағытына, оның ішінде Каспий және Қара теңіздері арқылы, Ресей мен Беларусь арқылы, сондай-ақ Солтүстік теңіз жолына көптеп инвестиция құюға кіріскенін тілге тиек етті.

Дағдарысқа дейін алдыңғы орында келді
Украинаның Аграрлық саясат және азық-түлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, украиналық өндірушілер Қазақстанға негізінен астық және астық дақылдарынан дайындалған өнімдер, какао-атбас бұршақтары және шоколад, кондитерлік өнімдер, ет және түрлі ірімшіктер экспорттайды.

Сондай-ақ Украинадан Қазақстанға қара металл, теміржол локомивтері, механикалық машиналар жеткізіледі. Украина болса Қазақстаннан темекі, балық, ұлу жәндіктерін және тоңмай импорттайды.

Дағдарыс басталғанға дейін Украина үшін Қазақстан ТМД-дағы үшінші және әлемде сегізінші сауда серіктесі болып келді. Алайда 2013 жылдан бастап Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы құлдыраумен келеді. Мәселен, 2013 жылы ол 25%-ға қысқарса, ал 2014 жылы 40%-дан артық төмендеді.

Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу