ҚазМұнайГаз ескі қарызын өтеуге қаражат тартты

1726

Компания 2.75 млрд долларға еуробонд орналастырды.

ҚазМұнайГаз ескі қарызын өтеуге қаражат тартты

2017 жылдың 19 сәуірінде "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (ҚМГ) жалпы сомасы 2,75 млрд долларға орта және ұзақмерзімді еурооблигацияларды орналастырғанын хабарлады деп мәлімделді мұнай-газ компаниясының баспасөз қызметінде. Қағаздарды инвесторларға таныстыру барысында өтінім кітабына 2 реттен артық қол қойылды.

Шығарылған бағалы қағаздардың басым бөлігі ұзақмерзімді қағаздар.  Мысалға, шығарылымның 45% (немесе 1,25 млрд доллары) купондық табысы 5,75%-ды құрайтын 30 жылдық  облигациялар. Ал тағы 1 млрд  және 0,5 млрд доллар табыстылығы 4,75 және 3,875% -ды құрайтын 10 және 5 жылдық бағалы қағаздармен берілген.

"Мәміле  2014 жылдан бергі ТМД елдерінен шыққан еурооблигациялардың ең ірісі болып танылды. Бағалы қағаздарға BBB- (Fitch) /BB (Standard &Poor’s) /Baa3 (Moody’s) деңгейіндегі рейтингтер берілді. Лондон қор биржасында және Қазақстан қор биржасында еурооблигациялардың листингі бар", – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге мәміле сомасы 6,5 млрд доллардан асып, халықаралық инвесторлардың тарапынан үлкен сұранысқа ие болды, осылайша сұраныстан 2 есеге артық саудаланды.

"Шығарылған қағаздардың көрсеткіші  ҚМГ мен Қазақстанның өзге корпоративті эмитенттері үшін жаңа бенчмарк белгіледі", – деп қосты компанияда.

Тартылған қаражаттың негізгі бөлігін компания ағымдық міндеттерді орындауға жұмсамақ.

"Біз қарыздарымызды және міндеттеріміздің басым бөлігін өтейміз. Өтеу мерзімі жеткен міндеттемелер бірінші кезекте төленеді", – деп мәлімдеді ҚМГ басқарма төрағасы Сауат Мынбаев abctv.kz-ке берген сұхбатында.

Ағымдық міндеттерді қайта қаржыландыруға жаңа қарыздың 40% (шамамен 1,1 млрд доллар) ғана қажет. 2015 жылғы компанияның аудиторлық есебіне сәйкес, 2017 жылы облигациялардың үш шығарылымын өтеу жоспарланған: оның екеуі теңгемен жалпы сомасы 330 млрд теңгеге шығарылса, біреуі доллармен шығарылған.

Тартылған қаражатты компания ағымдық жобаларға инвестиция ретінде салуы мүмкін екенін "ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Андрей Калачев айтты.

"ҚМГ тобы "Қашаған" жобасының үлесін иеленуге алған қарызын төлеуі керек (ол 1,6 млрд долларды құрайды), сондай-ақ Атырау, Шымкент және Павлодардағы МӨЗ-дерін жаңғыруға ағымдық қаржы салуға тиіс – тек қана 2016 жылы бұл шамамен 253 млрд теңгені құрады", – деп түсіндірді ол.

АҚШ ФРЖ  мөлшерлемені көтеруін тоқтатпай отырғаны ҚМГ- ның еуробондтарға деген қызығушылығын арттырып отыр және дәурені өтіп бара жатқан арзан ақша пойызына мініп қалғысы келген тілегін көрсетеді. Салыстырмалы түрде алсақ, соңғы шығарылған бағалы қағаздарға берілген мөлшерлеме ең төменгілердің бірі.

"Біз жақсы шарттарға келістік. Біз қоржынымыздағы әлдеқайда қымбат қарыздарды өтей аламыз, ол түсінікті, бірақ бұл тар мамандандырылған мәселе", – деп сөзін жалғады компанияның топ-менеджері.

Қалған қаражат өтелуі 2018 жылға белгіленген жалпы сомасы 537,5 млрд теңгені құрайтын 10 жылдық облигациялардың мерзімін ұзартуға жұмсалуы мүмкін, бұл сома қазіргі теңге бағамы бойынша 1,7 млрд долларға тең (25 сәуірдегі KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша 311,5 KZT/USD).

"Компанияның қарыздары жеткілікті деңгейде активтермен қамтамасыз етіледі. ҚМГ-ның ортақ кәсіпорындар мен қауымдастырылған компанияларға салған инвестициясының құны 3,7 трлн теңгеге бағаланып отыр. Компанияның банкке салған салымдары өткен жылдың соңында 1,23 трлн теңгені құрады, оның 1,20 трлн-ы доллармен сақталған. Негізгі қызметтен түскен табыс 2016 жылы 3,5 трлн теңгені құрады (10,54 млрд доллар). Таза табыс – 360,1 млрд теңге (1,063 млрд доллар). Мұндай көрсеткіштері бар компанияда қаржыландыруды тартуда еш қиындық тумауы тиіс", – түйіндеді Алексей Калачев.

Құралай Әбілғазина, Арман Жақып, Әйгерім Сүлейменова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу