Компьютерлерді автоматты сөндіру жұмысбасты мемлекеттік қызметкерлер санын азайтпайды

2862

Министрлік қызметкерлері жұмыстағы компьютерлердің жұмыс істеу уақытын созудың ебін тауып алған.

Компьютерлерді автоматты сөндіру жұмысбасты мемлекеттік қызметкерлер санын азайтпайды

Жұмыс уақытын электронды есепке алу мен компьютерлерді автоматты сөндіру жүйесі тиімділікті көрсетіп отырған жоқ. Мемлекеттік қызметкерлер кеңселердегі БК-ның жұмыс істеу уақытын созудың ебін тапқан. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің этика жөніндегі комиссия отырысында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің этикалық құқықбұзушылықтың алдын алу басқармасының бас кеңесшісі Айнұр Еңсегенова мәлім етті.

Жұмыс уақытын электронды есепке алу мен компьютерлерді автоматты сөндірудің екі нұсқасы бар. Біріншісі компьютердегі жұмыс күнін 30 минуттан 90 минутқа дейін созуды қарастырады. Мұндай жүйе ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау министрліктерінде қолданылады. Ал екінші нұсқасы пайдаланушыларға мұндай құқық бермейді. Бұл жүйені мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енгізген.

"Аталған жағдайға талдау жасау компьютерлер автоматты сөндірілетініне қарамастан, мемлекеттік органдарда артық жұмыс істеу факторларын болдырмауға тиімді әсер етіп отырмағанын көрсетеді. Бұл біріншіден компьютердің жұмысын созатын адамдарды бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Бүгінгі күні қарастырылған министрліктердің бірде-біреуінде жұмыстан тыс жұмыс істеуге қалатындар есепке алынбайды", – деп отыр агенттіктегілер.

Компьютерлердің автоматты сөнуін қамтамасыз ететін бағдарламалық өнімнің жетілмегені министрлік қызметкерлеріне тіпті басшылыққа ескертпей-ақ компьютердің жұмыс істеу уақытын өздігінен қойып алуға мүмкіндік береді.

"Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға "Жұмыс уақытын есепке алу" бағдарламалық өнімнің функционалына өзгеріс енгізу туралы жолдаған хатына берілген жауапта жұмыс уақытын есепке алудың қазіргі нұсқасы авторлық құқыққа қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған аяқталған бағдарламалық өнім екені және оны бұдан әрі қолдану үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясымен келісімшарт жасау керектігі, ал ол қосымша қаржыландыруды талап ететіні айтылған", – деп түсіндірді этикалық құқықбұзушылықтың алдын алу басқармасының бас кеңесшісі.

Ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сынап көрген "Командалық жол" балама бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл өнім ShutDown бағдарламасы арқылы орнатылады. Көрсетілген техникалық шешімге қосымша қаржылық шығын кетпейді және компьютерлердің базалық баптауға тиісті өзгерістер енгізу арқылы пайдалануға берілуі мүмкін.

Биылғы жылдың қыркүйегінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі министрлік қызметкерлерінің артық жұмыс істеуіне талдау жүргізген болатын. Мәселен, ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері қыркүйекте 4970 сағат, денсаулық сақтау министрлігі 3100 сағат, ал ауыл шаруашылығы министрлігі болса 552 сағат артық жұмыс істеген.

"Жұмыс күндері артық жұмыс істегеніне қарамастан, демалыс күндері де жұмысқа шыққан. Мемлекеттік қызметкерлердің демалыс күндері жұмысқа шықққан уақытына келер болсақ, ҰЭМ-де ол 831 күн, ауыл шаруашылығы министрлігінде 48 күн болған ", – деді агенттік кеңесшісі.  

Сонымен қатар ұлттық экономика министрлігіндегі мемлекеттік қызметкерлердің 30%-ы, денсаулық министрлігіндегілердің 80%-ы, ауыл шаруашылығы министрлігіндегілердің 64%-ы жұмыстан кейін қалатыны белгілі болды.

Нормадан тыс жұмыс кестесі үшін жұмыс беруші қосымша ақша төлемеген. Осы арада, еңбек заңнамасының 3-бөлімінің 87-бабын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте лауазымды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде (1 АЕК- 2405 теңге) немесе 72, 15 мың теңге айыппұл салынады.

Карина Алимова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу