Дональд Трамп пен Владимир Путин коронавирус пандемиясы жайын телефон арқылы талқылап, мұнай нарығындағы ахуалға қатысты пікірлерімен алмасты. Енді қос елдің Энергетика министрлері шикізат нарығына байланысты келіссөздерді жүргізе бастайды.
Қазақстандағы жағдай
Соңғы мәлімет бойынша, елімізде 336 адамның коронавирус жұқтырғаны ресми түрде тіркелді.
Нұр-Сұлтан қаласында – 176
Алматы қаласында – 82
Шымкент қаласында – 2
Ақмола облысы – 10
Ақтөбе облысында – 3
Алматы облысында – 8
Атырау облысында – 13
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Жамбыл облысында – 3
Батыс Қазақстан облысында – 2
Қарағанды облысы – 13
Қызылорда облысы – 18
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысында – 1
Солтүстік Қазақстан облысында – 2
Жазылғандары саны – 22
Қайтыс болғандар саны – 2
Көрші елдердегі жағдай
Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының соңғы мәліметіне сүйенсек, осы күнге дейін вирусты 82289 қытайлық жұқтырған. Оның 3314-і қаза тапқан. Науқастардың 90% аурудан айыққан. Елдің Білім беру министрлігі қабылдау емтихандарының мерзімі 7-8 шілдеге дейін шегерілетінін мәлім етті. 30 наурызда Ухань қаласындағы сауда орталықтары жұмыстарын бастады..
Ресейде вирус жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асып, 10 адам қайтыс болды. 68 кісі аурудан айыққан. Ресми дерек бойынша, науқастар індет өршіп тұрған елдерден келген. Олар ауруханадағы арнайы бокстарға жатқызылды. эволюциясын болжауға және вакцина жасауға зор септігін тигібек. Еске сала кетсек, кеше Ресейдегі ғылым академиясының мамандары Covid-19 деп аталатын коронавирус инфекциясына қарсы 3 вакцинаны ("Триазивирин", "Фавипиравир", "Фортепрен") жариялады. Бұған дейін елдегі Федералды медико-биологиялық агенттік Covid-19 инфекциясын емдеуге арналған "Мефлохин" (малярияға қарсы дәрі) негізінде жасалған препаратты таныстырған болатын. Агенттік басшысы Вероника Скворцованың айтуынша, бұл дәрі коронавирустың цитопатиялық әсерін тежеп, оның қайта көбеюін болдырмайды. Сонымен қатар қабыну процесінің өршуін басады.
Қырғызстандағы науқастардың саны 94-ке жетіп, оның 3-еуі жазылған. Бұл елде де төтенше жағдай режимі жарияланды. Бішкек қаласында 25 наурыздан бастап коменданттық сағат енгізілді. Тәртіпке бағынбай, коменданттық сағат кезінде көшеге шыққан 137 кісі қамауға алынған.
Өзбекстанда вирусты жұқтырғандардың саны 149-ға жеткен. Оның 7-сы құлантаза жазылса, 2-еуі қайтыс болды. 30 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін елдегі әуежайлардың барлығы жұмыс істемейтін болды.
Басқа елдердегі жағдай
АҚШ-та коронавирус инфекциясын малярияға қарсы гидроксихлорохин мен хлорохин деп аталатын дәрілермен емдеуге рұқсат етілді. Құрама Штаттар вирус жұқтыру фактісі бойынша қазір көш бастап тұр. Ресми дерек бойынша, науқастардың саны 160 мыңнан, ал ажал құшқандардың саны 3 мыңнан асқан.
Оңтүстік Кореяда ауруға шалдыққандардың саны 9786-ға жетті, 162 кісі қаза тапқан. Бұл ел эпидемиологиялық қауіптің ең жоғарғы деңгейін жариялады. Әсіресе Тэгу қаласы мен Кенсан-Пукто провинциясының үш қаласы апат аймағы деп жарияланды. 5 сәуірге дейін тұрғындарға үйден шықпау туралы нұсқаулық берілді. 9 сәуірден бастап оқу орындарындағы сабақтар онлайн түрде өтетін болды.
Италияда науқастардың саны 100 мыңнан асты, оның 11 мыңнан астамы қаза тапқан. Жергілікті билік карантин мерзімін 12 сәуірге дейін ұзартты.
Францияда аурулардың саны 44 мыңға жетіп,оның 3 мыңы ажал құшты.
Түркияда вирусты жұқтырғандардың саны 10 мыңға жетіп, 168 адам қайтыс болған. 18 наурызда ел президенті Реджеп Тайып ердоған коронавирус салдарымен күреске 15,5 млрд доллар бөлген болатын.
БҰҰ пандемия салдарынан пайда болған дағдарысты еңсеру үшін дамушы елдерге 2,5 трлн доллар көлемінде қаржы бөлуге шақырды.Ұйым өкілдерінің есебінше, оның 500 млрд доллары денсаулық сақтау жүйесіне, ал қалғаны экономиканы тұрақтандыру үшін қажет.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус індетін пандемия деп таныған болатын. Қазір ұйым ауру симптомдары жасырын адамдардан вирустың қалай жұққанын зерттеп жатыр.
Табиғат Нұрболат