Бүгінде Ақмешіттің құрылысын салатын маман тапшы. Өңірдегі оқу орындары жыл сайын қаншама түлек ұшырғанмен, құрылысқа қажетті сай сол мамандар қайда, деген сұрақ туындайды? Мәселенің мәнісіне үңіліп көрсек, мүлдем басқа құпияның басы қылтияды.
Жылдар бойы Қызылорда облысы құрылыс қарқынымен республикада көш бастап тұрды. Тек, былтырғы жылы біршама бәсеңдеді. Қаражат бар, Үкіметтің қолдауына да кенде емеспіз. Бірақ, індет өршігенде жан-жағымызды бағдарласақ қазаққа қажетті саланың ақсап тұрғанын айқындадық. Яғни, тас қалаушыдан, сырлаушы, қосалқы жұмысшы (подсобник) дегендерін тапшы мамандыққа айналыпты. Құрылыс қарқынды кезде бұл саланы өзбек мигранттарына беріп, өзіміз құралақан қалыппыз. Және кәсіптік оқу орындары да бұл мамандықтарды оқытпапты. Яғни, кадрлар атласына кірмей қалған. Сондықтан жұмыссыздар отряды көбеймесе, азаймаған.
"Жеке сектордағы кәсіпкерлермен сөйлесу барысында құрылыс бағытында тас қалаушы, сылақшы, монтажшы, сырлаушы, кран операторы, левкас жасаушы деген мамандар өзбектердің пандемия кезінде ішкі миграциялау негізінде көші-қон жағдайының шектелуіне байланысты бұл жұмыстағы мамандықтарға облыс орталығында сұраныс жоғары. Ал бірақ оқыту мамандықтар тізіміне олар кірмей отыр. Және олардың қатарында мазут қазандығының операторы да бар. Осы мамандықтар тізілімін жаңартпай, оңтайландырмайтын болсақ біз сапалы жұмысшы топ мамандықтарды алу бойынша көп кедергілерге әлі де жолығатын боламыз", - деді қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова.
Мәселен, құрылыс компаниялары бүгінде жалақысы 150 мың теңгеге қосалқы яғни көмекші жұмысшы таба алмай отыр екен. Яғни құрылысшылар тізбесіне аталған сұраныстағы мамандықтарды енгізіп, оқытпасақ, бұрыңғыдай еңбек мигранттарына сеніп отырудың қажеттілігі жоқ екенін байқатты. Қысқасы еңбекпен қамту саласына өзгеріс керек. Қазіргі тілмен айтқанда апгрейд, модернизация. Ал биылғы есеп бойынша қаланың өзінде 5399 жұмыссыз тіркелген. Биыл жол картасы аясында 500-ден аса жерлесімізді жұмыспен қамту көзделіп отыр. Мүгедектерді де жұмыспен қамту бекітілген. Қаражат бар, тетігін табатын тек маман қажет.
"Қала бюджеті 2021 жылдың 1-ші қаңтарында кірістер болжамы 90 миллиард 35 миллион теңгені құрап 94 миллиард 759 миллион теңге немесе 108 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері 21 миллиард 255 миллион теңге орнына 24 миллиард 668 миллион теңгеге немесе 3 миллиард теңгеге артығымен орындалды. Бұл көрсеткіш 116,1 пайызға жеткізілді, - деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.
Нұрбек Дәуренбеков